М.ӘЙТЕНОВ ШЫМСИТИДЕГІ ҚАЗАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТЕКСЕРДІ

643

Күннің күрт суытуына байланысты жылу жүйелерінде ақаулықтар туындамау үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов шағын аудандарда орналасқан қазандықтардың жай-күйін қатаң тексеруде.

Мұрат Дүйсенбекұлы «Шымсити» шағын ауданына барып, жылу мамандарының жұмысын пысықтап, халыққа қолайлы жағдай жасау үшін қазандықтардың температурасын көтеруді тапсырды.

«Қуатжылуорталық-3» мекемесіне қарасты 1 және «Әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясына» қарасты 2 модульді жылу қазандығының құрылысымен танысты.

«Қуатжылуорталық-3» мекемесіне қарасты қазандық Шымситидегі 37 көп қабатты тұрғын үйді, заңды тұлғаларға қатысты 1 ғимаратты жылумен қамтамасыз етеді. Қазандықтар «BOSCH UNIMAT UT-L30» маркалы 3 дана құрылғымен жабдықталған.

«Green City» мен «Damdes Otau» тұрғын үй кешендеріне қарасты модульді 2 қазандыққа «ART Boilers» маркалы 5 қондырғы орнатылған. Сол арқылы 9 көп қабатты тұрғын үй жылумен қамтылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі