Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікті сынау азаматтық қоғамның ажырамас бөлшегі және маңызды нәрсе екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл Қазақстанға да тән. Бұл — менің берік ұстанымым. Қоғамды трансформациялау және жаңғырту жөнінде қабылдаған шараларымыз халықтың мұң-мұқтажын шешуге бағытталған. Реформалар одан әрі жалғасады,
Ол Қазақстанның «Әртүрлі көзқарас, біртұтас ұлтқа» негізделген қағидаты өзгермейтінін айтты. Тоқаевтың айтуынша, саяси радикализм мен экстремизмнің кез келген түріне елімізде орын жоқ. Демократия — ең алдымен өз сөзің мен ісіңе жауапкершілікпен қарау.
Президент кез келген сайлауда қоғамның саяси кемелдігі сыналатынын да еске салды. Қоғамда пікірталас қызу жүреді.
Алдағы сайлауды Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы деуге болады. Қоғамның түрлі өкілдерінің мүддесін партиялар арқылы қорғау мүмкіндігі артады. Мұның бәрі саяси жүйенің орнықты және тиімді болуын қамтамасыз етеді,