Тұқым қуалайтын факторлар да кездеседі. Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте психолог-дефектолог Әсел Сағадатова айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Баланың тілі кеш шығуының себебі, отбасында қарым-қатынас мәдениеті қалыптаспаған жағдайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, педагогикалық немқұрайлылық, немесе бала жиі ұрыс-керістерді байқаса немесе ата-анасы оған айқайласа, онда ол стресске ұшырайды, бұл сөйлеудің дамуын тежеуі мүмкін.Әсел Сағадатова
Сондай-ақ балаға шамадан тыс қамқорлық көрсету де бала тілінің кеш шығуына әкелуі мүмкін.
Логопед, дефектолог, психолог Злата Салкина соңғы уақытта ата-аналар түзету орталықтары мен кеңселеріне жиі көмек сұрап келе бастағанын айтты.
Бала сөйлеуінің кешеуілдеу диагнозын бала айғайламаса және үнсіз жүргенінен байқауға болады. Егер ешқандай дыбыс шығармаса, уілдемесе, оған назар аудару керек. Көбінесе ата-аналар бізге 3 жылдан кейін жүгінеді.Злата Салкина
Мамандар ұлдардың қыздарға қарағанда кеш сөйлейтінін растады. Дегенмен, бұған ғылыми дәлелдер жоқ. Злата Салкина балалардың сөйлеуін дамытуда әдіс-тәсілдер кешені қолданылатынын айтты.
«Біріншіден, бұл тәртіп, үздіксіз оқу. Екіншіден, есте сақтау, ойлау, зейінді дамыту, үшіншіден, балаларды спортқа бағыттау. Әдістер баланың диагнозына байланысты жеке құрастырылады. Кез келген маман бір апта ішінде «сөйлеу негативизмдегі» баланы сөйлете алады, ал егер бұл медициналық бұзылуларға қатысты болса, логопедтер невропатологтармен жұмыс істейді. Ал бұл жұмыс тіпті жылдарға созылуы мүмкін», – деді ол.