ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ БИЫЛ САПАЛЫ АУЫЗСУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

826

Қазір Қарабастау шағынауданында ауызсу құбырлары жүргізілуде. Елдімекенді сапалы сумен қамту жұмыстары 48% аяқталды. Ұзындығы 74 шақырым құбыр 1 жарым мыңнан астам абонентті тіршілік нәрімен тәулік бойы үздіксіз қамтиды. Жұмыстар биыл қараша айында толығымен аяқталады.

Алдағы уақытта ауызсу құбырын тарту жұмыстары Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында жүргізілетін болады.