«ТҰРАН» МЕН «АРЫС» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

824
Футболдан Қазақстан бірінші лигасының үшінші тур ойындары өтті. Бұл сында Түркістанның «Тұран» командасы өздерінің жерлес қарсыласы – «Turkistan» клубымен кездесті.
Түркістанның дербиі аса тартысты өтті. Жеңіс голы ойын аяқталуға 2 минут қалғанда салынды. Ойынның 88-минутында Сұлтаниязов гол салып, «Тұранға» 3 ұпай сыйлады.
Бірінші лигада доп тебетін «Арыс» командасы өз алаңында «Қыранды» қабылдады. Қызықты мачта алаң иелері жауапсыз 2 гол салды. Матч басталғаннан ойын тізгінін қолға алған арыстықтар сапынан Рахат Үсіпханов және Бекболат Ақберген гол соғып, команда мерейін үстем етті. Осы жеңістен кейін «Тұран» бесінші орынға көтерілді. Түркістандық команда биыл ұпайдан шашау шығарған жоқ. Команданың өзге клубтардан 1 ойын кем өткізгенін де айта кеткен жөн.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі