Шымкентте биыл бюджет есебінен 160 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым, 43 әлеуметтік нысандар бар және жыл соңына дейін 3 072 пәтерлі 67 тұрғын үй қолданысқа беріледі. Сәуір айында Тұран шағын ауданында 54 пәтер көпқабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.
Сондай-ақ нарықтан қосымша 1 405 арендалық пәтер сатып алынады. Оның 900-і жұмыс істейтін жастарға, 505-і әлеуметтік осал топтағы азаматтарға беріледі. Қазіргі таңда жастарға 420, ал, аз қамтылғандарға 363 пәтер алынды. Қалған 31 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі.
Жыл соңына дейін 18 инфрақұрылым нысанының 12-сі пайдалануға беріледі. Қалған 6 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.
Сонымен қатар осы жылы 3 450 орындық 7 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 5 нысанның құрылысы аяқталып, ел иігілігіне берілді. Тағы 1 нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталатын болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі