Дубайда көп дүние. Дүниеге кім ие?

730

Қазір Назарбаев кезінде атқа мініп, жіліктің майлы басын ұстағандардың байлығының қанша және қайда екендігіне қатысты журналистік зерттеулер жүргізіле бастады.

«Власть» басылымына сенер болсақ, Назарбаев, Нығматулин және басқа да «ескі қазақстандықтардың» туыстарының көптеген активтері Дубайдан табылып отыр.

Сонымен «Власть» басылымы не тапты? Сол жайында тарқата сөз ететін болсақ:

Әсел Құрманбаева туралы:

* Қызмет түрі — «Астана Балет» театрының арт-менеджері.

* Туыстық байланыстар — бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы.

— Дубайдағы Palm Jumeirah ауданында элиталық жылжымайтын мүлігі және сәнді қонақ үйлері бар жасанды аралдағы жылжымайтын мүлікі: 270 мың доллар тұратын пәтер.

«2000 жылдары Құрманбаева Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасындағы адамдардан офшор арқылы $30 млн алғаны», — жайлы айтылған.

Нұрлан Нығматулин туралы:

Егер экс-президенттен тек бір ғана пәтер табылса, Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің әйелі Венера Баймырзаевадан ондаған жылжымайтын мүлік нысаны табылған.

Венера Баймырзаева туралы:

* Кәсібі — кәсіпкер.

* Туыстық байланыстар — Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің әйелі.

— Дубайдағы жылжымайтын мүлік: жалпы құны $4,3 млн астам 50-ден астам жылжымайтын мүлік нысан.

Қазақ бұны әрине «тоқалдардың тойтаңы», дейді. Иә бұл тізімді соза беруге болады.

— Сотталған және қамау орындарында жазасын өтеп жүрген Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі құны 2,2 млн доллар тұратын бес пәтер;

— Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметовтың ұлы Талғат Ахметовке тиесілі құны 1,6 млн доллар тұратын вилла;

— Түркістан облысының бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ағасы Серік Естай өзінің жұбайы Айжан Асановамен бірге жалпы құны шамамен 1,7 млн доллар болатын 8 пәтер т.б.

Егер осы ақшалар біздегі зауыт пен фабрика салуға жұмсалатын болса, халықта «ескі қазақстандықтардың» еркелігіне біршама түсіністікпен қарар-ма еді?..

Abai.kz