Шымкентте Мәдениет және ақпарат министрлігінің Аналар күні мен Халықаралық отбасы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылы 14 мамырда Шымкент қаласы Цум сауда орталығында Фотокөрме ұйымдастырылды.
Аналар күніне арналған іс-шарада ананың әсем бейнесін, ананың жылулық көрінісін сипаттайтын әлемдік суреттер көпшілік назарына ұсынылды.
Аналар күнін мерекелеу ана мәртебесін нығайтуға, ананың маңыздылығын және қазіргі қазақстандық қоғамдағы ана рөлін сипаттайтын көрініс.
Аты әлемге мәшһүр Питер де Хох, Джузеппе Мария Креспи, Иероним Босх, Жак Луи Давид, Теодор Жерико, Питер Брюгель, Франсиско де Гойя, Леонардо да Винчи, Ян Вермеер сынды қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан бестселлерлер қойылған көрменің айтары мол. Әр картина терең ой қозғайды, қиял әлеміне жетелейді. Бәрі де Париждегі әлемдік атақты көркемдік музей Луврдың төрінде тұрған бірегей туындылар.
Аталған іс-шара ананың қоғамдағы орны, аналарды құрметтеу және қоғамдағы отбасының маңызы туралы сананы арттыруға, отбасы қоғамның моральдық-этикалық негіздерінің негізі екенін түсіндіруге, отбасы институтын қолдауға және нығайтуға, отбасының оң имиджін дамытуға, еңбек отбасы әулеттерін құрметтеуге және насихаттауға бағытталған.
“Шымкент келбеті”