Шымкент қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің құқықтық қызметінің басшысы, Дүйсенбиев Абзал Жодасбекұлы, бірнеше жылдан бері «Мирас» университетіндегі бітіруші түлектердің диплом қорғау емтихандарында Мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшесі ретінде қатысып келеді. Осыған дейін оған тек педагогикалық саладағы әріптестері ғана таныс болса, қазір оның қатысуымен өтіп жатқан дипломдық жобаларды қорғау жиі аталып өтеді.
Дипломдық жобаларды қорғау үдерісіне қатысу – жаңа педагог кадрларының қалыптасу кезеңін өз көзіңмен көріп, болашақ әріптестеріміздің кәсіби жолға қадам басқан сәтіне куә болудың бірегей мүмкіндігі. Бұл жастар – қоғамның келешек педагогтары, олар ертең мектепте, колледжде, балабақшада оқушылар мен балалардың білім алу жолындағы жолсеріктері болады. Демек, олар біздің салалық кәсіподақ қауымдастығымыздың мүшелері болып, кәсіби саламыздың бір бөлшегіне айналады. Осылайша, әріптестік жолдың бастауы олар үшін бүгіннен басталады.
«Комиссия мүшесі ретінде қатысқан сайын мен бір нәрсені анық түсінемін: менің алдымда – жай ғана студенттер емес, болашақта білім беру саласының, сонымен қатар кәсіподақтың да нағыз мүшелері тұр. Ал олардың сапалы білім алуы мен кәсіби тұрғыда сенімді бастау алуы – бүкіл білім беру жүйесінің болашағына әсер ететін аса маңызды фактор болып табылады. Олардың білім алу жолындағы кез келген қиындыққа төтеп беруі, жаңа қоғамдағы кәсіби рөлі мен миссиясы біздің барлығымыз үшін де өте маңызды,» — деп атап өтеді Абзал Жодасбекұлы.
Бітіруші кезеңде кәсіподақ өкілінің қатысуы – әділеттілік пен ашықтықтың кепілі.
Бүгін олар – жас түлек, ертең – білім берудің сапасын көтеретін педагог. Ал кәсіподақ сол кезде де қастарынан табылып, олардың мамандық жолындағы әр қадамын қолдап, өсіп-өркендеуіне, кәсіби дамуына, және құқықтарының қорғалуына барынша қолдау білдіреді. Сондай-ақ, кәсіподақтың әр мүшесі өзінің қызмет жолында қолдау мен көмекті сезініп отыруы қажет. Осы тұрғыда, кәсіподақтың рөлі мен маңызы ерекше екенін түсінетін кез келген маман, өз әріптестерінің дамуы мен болашағы үшін үлкен жауапкершілікті сезінетіні сөзсіз.