«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов кестеге сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында филиалдың мүшелік ұйымы — Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, орталықтың кәсіподақ төрайымы Дидар Оразбекқызы Мақашовамен бірге ұжым мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты. Бұл кездесудің мақсаты – қызметкерлердің күнделікті жұмыс жағдайын, олардың қажеттіліктері мен ұсыныстарын білу, сондай-ақ кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыру.
Кездесуде еңбек қатынастары және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсаттарына тоқталды. Сонымен қатар, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыс орындарындағы әлеуметтік қолдауды күшейту туралы кеңестер берілді.
Қорытынды жиында орталық қызметкерлерін алда келе жатқан «30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен» және Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, мекеменің кәсіподақ белсенділеріне филиал наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен оралықтың кадр маманы Қасымбекова Гүлжан Талғарбекқызы, «Құрмет грамотасымен» орталықтың инспекторлары Расул Нұрлайым мен Жорабаева Ажар Сайлаубайқызы, «Алғыс хатпен» орталықтың инспекторлары Жақыпбекова Гүлдана Ержанқызы мен Сәрсенбаева Барно Ілесбекқызы марапатталды. Бұл марапаттар қызметкерлердің үздік еңбегін бағалау және олардың кәсіби жауапкершілігін арттыру мақсатында беріледі.
Марапаттарыңыз құтты болсын!