Ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшылардың еңбегі – әрқашан құрметке лайық. Осыған орай, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының санитарлық тазалық саласында қызмет етіп жүрген бірқатар жұмысшылар кәсіби марапаттарға ие болды.
Салтанатты шара «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесхановтың бастамасымен ұйымдастырылды. Ол Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппаратына қарасты «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, мекеме басшысы Нұрсұлтан Әділбеков және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақдәулет Әлішердің қатысуымен кәсіподақ мүшелерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Шара барысында еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге кәсіподақтың арнайы наградалары табысталып, олардың саладағы жауапты жұмысына жоғары баға берілді.
Атап айтқанда:
-
«Еңбек озаты» төсбелгісімен – Пірланов Өміртай Бекбайұлы, Үсіпбекова Анар Орынбасарқызы және Суворова Ольга Александровна марапатталды. Бұл төсбелгі – саланың дамуына сіңірген еңбегі мен үлесі үшін берілетін жоғары марапаттардың бірі.
-
«Құрмет грамотасымен» – Бейсенбаева Алуа Нұрмаханбетқызы, Оразалиев Бекқали Таубайұлы, Құлниязова Ақнұр Күренбайқызы және Тұрабеков Жақыпбек Нұранұлы марапатталды. Бұл марапат олардың өз ісіне адалдығы мен жоғары еңбек мәдениеті үшін берілді.
-
Сонымен қатар, «Алғыс хаттармен» – Қарабалаев Рахымберді Жақсылықұлы, Дербісәлі Бақберген Серғалиұлы, Төлен Ақсұлтан Рысқазыұлы және Бидайбек Ерболат Талғатұлы марапатталды. Бұл марапаттар – күнделікті тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға көрсетілген құрмет пен алғыс белгісі болды.
Салтанатты жиын барысында кәсіподақ төрағасы Серік Әуесханов марапат иелерін құттықтап, еңбектің қадір-қасиетін, қоғам өміріндегі тазалық пен тәртіптің маңызын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта да кәсіподақ ұйымы тарапынан жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау бағытында тұрақты жұмыс жүргізілетінін айтты.