ЖҰМЫСШЫЛАРҒА МАРАПАТ, БАЛАЛАРЫНА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

114
«Қалың қалай, бастауыш ұйым» және «Мектепке жол» акциялары аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол қатысып, мекеменің басшысы Нұрбек Қанаев және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Дариха Раманова бірге жұмыскерлердің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесу барысында еңбек қатынастары, еңбек және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәсіподақтар қызметінің жұмыстарнан хабардар етілді.
Жиын қорытындысында Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Тұран ауданы әкімінің орынбасары, мекеменің басшысы жұмысшыларды Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, жұмысшыларға Тұран ауданы әкімінің, «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының «Алғыс хаттарын» және қалалық кәсіподақ филиалының «Еңбек озаты» төсбелгілерін, «Құрмет грамоталарын» және «Алғыс хаттарын» салтанатты түрде тапсырды.
Атап айтқанда:
— «Еңбек озаты» төсбелгілерімен Кенжебеков Нұрдаулет Махаббатұлы және Байменов Әуезхан Мұхтарұлы;
— «Құрмет грамоталарымен» Қалыбекова Майра Берікқызы, Бекзатов Жандос Қарабайұлы және Жалғасбаев Нұрсұлтан;
— «Алғыс хаттармен» Жүзбаев Нұрбол Байларұлы, Сұлтанбекова Гүлшат Лесбекқызы және Жұманов Мақсат Пәрімбайұлы марапатталды.
Сонымен бірге дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында жұмысшылардың мектепке баратын 100 оқушы балаларына арналған арнайы оқу құрал-жабдықтары жұмысшы ата-аналарға табысталды.