ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІ МАРАПАТТАЛДЫ

132
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мереке қарсаңындағы жұмысшылармен кездесу өтті.
Мерекелік кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, мекеменің басшысы Алмас Қаюпов, Қаратау аудандық прокуратурасының және Қаратау аудандық полиция басқармасының өкілдері қатысып, жұмысшыларды Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, жұмысшыларға Қаратау ауданы әкімінің, Абай ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының, Қаратау аудандық прокуратурасының, Қаратау аудандық полиция басқармасының «Алғыс хаттарын» және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгілерін, «Құрмет грамоталарын» және «Алғыс хаттарын» салтанатты түрде марапаттап, 130 жұмысшыға сыйлықтар табыстады.

Іс-шара барысында еңбек адамдарының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қарапайым жұмысшылардың тынымсыз еңбегі – қаланың көркеюі мен тұрғындардың жайлы өмір сүруінің басты кепілі екені айтылып, олардың кәсіби шеберлігі мен адалдығы жоғары бағаланды.

Марапатталған қызметкерлер өз кезегінде көрсетілген құрметке алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да табандылықпен еңбек етіп, қаланың дамуына өз үлестерін қоса беретіндерін жеткізді. Мұндай кездесулер еңбек ұжымдарының рухын көтеріп, ортақ мақсат жолындағы ынтымақтастықты нығайта түсетіні сөзсіз.

Бұл марапаттар жұмысшылардың еңбегіне деген құрметтің нақты көрінісі болып, олардың еңбекке деген ынтасын арттырып, кәсіби абыройын одан әрі көтеруге серпін берді.