Израиль әскері Газа қаласын басып алу мақсатында оған шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Израиль әскері дүйсенбі күні Газа қаласын басып алу үшін құрлық шабуылын бастаған. Содан соң Газаға жаппай әуе шабуылдарын бастады. Көп ұзамай қалаға израильдік танктер кірді.
Израиль қорғаныс күштері штабының басшысы Эйял Замир мен Моссад, бас қауіпсіздік және әскери барлау басшылары премьер-министр Беньямин Нетаньяхуға операциядан бас тартуға кеңес берген. Олар шабуылдың келесідей зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті:
– Қаладағы израильдік кепілге алынғандардың өміріне қауіп төндіреді;
– Тель-Авивті Газаға әскери билік орнатуға мәжбүрлейді;
– Палестиналық ХАМАС қозғалысының жойылуына жол бермейді.
Операцияға наразылық білдірушілер Нетаньяху резиденциясының маңында шатырлар тіккен.
21 тамызда Израиль премьер-министрі Газа қаласын бақылауға алу және ХАМАС-ты жеңу жоспарын бекітті. Бір күн бұрын әскерлер шабуылға шықты. «Галей Цахал» армиясының радиосының хабарлауынша, операция 2026 жылға дейін жалғасады. Маневрлердің шыңында 130 000-ға дейін резервші тартылады.
Өткен айдың басында премьер-министр «қауіпсіздік периметрін қамтамасыз ету» үшін бүкіл анклавты бақылауға алу ниетін мәлімдеді. Оның айтуынша, Тель-Авив кейін оны азаматтық үкіметке береді. Бірнеше ел, соның ішінде Мысыр мен Катар Израильдің жоспарларын айыптады.