Полиция Шымкент базарларында арнайы операция жүргізді

1059
Бүгін, 24 қаңтарда Шымкент қаласының Полиция департаменті ҰҚК департаментімен бірге «Shymkent Tulpar» және «Нипа» базарларында арнайы операция өткізді деп хабарлайды «Хабар 24».
Сот санкциясымен сауда орындарында жүргізілген арнайы рейд нәтижесінде біршама діни әдебиеттің, оның ішінде салафит түсіндірмесінің, сондай-ақ электронды ақпарат тасығыштар тәркіленген.
Тергеу болжамы бойынша, салафизм ағымын жақтаушылар базарға келушілер мен сатушылары арасында тыйым салынған әдебиетті таратумен айналысқан.
Аталмыш іс-шара қоғамдық орындарда деструктивтік бағыттағы діни мазмұнды материалдарды тарату жайттары бойынша қозғалған қылмыстық істер аясында жүргізілуде.