Елбасымен қол ұстасып, суретке түскен жас актриса әсерімен бөлісті (фото, видео)

3142
Отандық жас актриса Айым Сейітметова үшін Елбасымен өткен кездесуі мәңгі есінде сақталатыны сөзсіз. Бойжеткен президентпен қол ұстасып суретке түсіп, аз уақыт тілдескен. Мұндай мәртебеге ие боламын деп ойламаған ару бақыттан басы айналып, Назарбаевпен кездесуден алған әсерімен желіде бөлісті деп жазады NUR.KZ.

 

Ғаламтор кеңістігінде Айым Сейітметованың жастар жылының ашылу салтанатында президентпен түскен суреті қызу талқыға түсті.
Фотодан Елбасы мен жас актрисаның қол ұстасып тұрғанын байқауға болады.
Анықталғандай, оның Назарбаевпен бұлайша фотоға түсуіне сол жиында орын алған оқиға себеп болыпты.
Өз басынан өткен жағдай жайлы бойжеткен өзінің Instagram парақшасында егжейлі-тегжейлі түсіндіріп, айтып берген.
«Президентпен кездесуіміз аяқталды. Достар сіздерге жиынның қалай өткені, онда қандай қызық болғаны мен жеке өзімнің қандай әсер алғанымды айтып бергім келіп отыр.
Жиын соңында, бәрі суретке түсу үшін Елбасыға қарай жүгіре бастады. Мен де солардың арасында болдым.
Сол кезде бір қыз мені итеріп жіберіп, ары тұруымды талап етті. Президент сол сәтті байқап қалып, менің қасыма келіп қолымнан ұстап алды.
Ол амандасу сияқты болған жоқ. Ол қолымнан ұстап алды да, менің атымды сұрады. Мен Айым деп жауап бердім. Ол маған өте әдемі есім екенін айтты.
Сосын біз қол ұстасып бірге суретке түстік. Менде айтарға сөз де жоқ, керемет әсер алдым» , — деп баяндады Сейітметова.