Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақыны 1 маусымнан бастап көтеруді тапсырды

1635
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жалақысы ең төмен жұмыскерлердің  жалақыларын 2019 жылдың 1 маусымынан бастап көтеруді тапсырды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында жазды.
«Бұл шешім 1 миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің әл-ауқатына әсер етеді»,-деп жазды ҚР Президенті.
Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған болатын.