Испан тілінде ән айтқан Жанболат пен Жазира көпті таңдай қақтырды (видео)

619
Өзге әріптестерімен салыстырғанда Жанболат пен Жазира көп демала бермейді. Әйткенмен жыл оны екі ай концерт пен тойда қызмет ететін жұп биыл шетелге барып қайтуды жөн көрген. Қазіргі уақытта олар Таиланд елінде демалуда, деп жазады Stan.kz.
Жазира Байырбекова желіде демалысының қызықты сәттерімен бөлісіп, оқырмандарын қуантуда. Instagram-ға жүктелген мына видеода жұлдызды жұп испан тіліндегі әйгілі әнді орындау үстінде. Желідегілердің пікірінше, Андреа Бочеллидің “Quizás” әні жұлдызды жұпқа жараса кеткен. Ал шетелде түсірілген мына ролик бейнебаянға да жарайды.
“Керемет әдемі, әндерің де, өздерің де, демалып отырған жерлерің де”, “Сендерге ризамын, жұптарың жазылмасын. Алла тіл көзден сақтасын”, “Клип түсіріп келсеніздерші, керемет”, “Дайын клип қой”, – деп тәнті болды желідегілер.