Шымкентте тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу бойынша семинар өтті

1353
Бас Прокуратураның бастамасымен Шымкент қаласында Бас прокурордың орынбасары, қала прокуратурасының басшылығы, полиция бөлімінің қызметкерлері, судьялар мен сарапшылардың қатысуымен оқыту семинары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ardak.kz.
Құқық қорғау органдарының жеке тұлғаларға қатысты қылмыстарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарды анықтауға, жолын кесуге бағытталған құқық қорғау органдарының тиімділігіне қатысты мәселелер талқыланып, қабылданған шаралар туралы басшылардың есептері және олардың жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар тыңдалды.
Өткен жылы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 19%-ға төмендегенімен кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынастарына қарсы қылмыстардың өсуі динамикасы байқалды.
Бұл, уәкілетті органдардың жұмыс тиімділігінің төмендігін және балаларға қатысты заңсыз әрекеттердің алдын-алу жұмыстарының күшейту қажеттігін байқатады.
Тергеушілердің аталған қылмыстық істерді тергеу дағдылары мен білімдерін жетілдіру мәселесі жеке талқыланды. Оларға дәлелдемелерді жинау және тергеу әрекеттерінің жаңа заманауи мүмкіндіктері, сот сараптамасын жүргізу әдістері түсіндірліп, оқиға орын алған жерді қараудың жаңа мүмкіндіктері көрсетілді.
Өз кезегінде сот сарапшылары сараптама тағайындау ерекшелігіне, құжаттарды, объектілер мен үлгілерді зерттеуге тапсыру тәртібіне назар аударды.
Криминалисттермен тергеу әрекеттерінде қолданылатын жаңа техникалық-криминалисттік жабдықтар көрсетілді.
Осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу ерекшелігіне тоқтала отырып, Бас прокурордың орынбасары тергеу әрекеттерінің уақтылығы мен сапасына қойылатын талаптарға, тиісті сараптама тағайындау тәртібіне аса назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді, құзыретті органдармен алдын алу шараларын күшейту туралы шешім қабылданды.
Дереккөз:Шымкент қалалық прокуратурасы