Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңеске жүгіну себебін түсіндірді

1595
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Конституциялық Кеңесіне жүгіну себебін түсіндірді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаған сәттен бастап осы күнге дейін Конституциялық Кеңеске 220 өтініш, соның ішінде Президенттен 22 өтініш жолданды.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» заңға сәйкес, Конституциялық Кеңес Конституцияға ресми түсіндірме беруге құқылы. Заңнамада олқылықтардың орын алуы — болып тұратын жағдай.
Мысалы, Конституцияда Президентті алмастыру жолдары айқындалмаған, сондай-ақ оның өз еркімен отставкаға кету жағдайы қарастырылмаған. Мұндай нормалар әлем елдері конституцияларының бәрінде бар. Бұл аспектілердің өзектілігі зор екенін ескеріп, мен Конституциялық Кеңестен осы ережені түсіндіруді сұрадым. Бүгінде қоғамды сайлау мәселесі қызықтырады.
Бірақ, бұл тақырыпқа қатысты жұртты дүрліктірудің қажеті жоқ. Ата заңымызда, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда сайлау өткізудің тәртібі мен уақыты, өкілеттіліктің аяқталу мерзімі анық жазылған. Конституцияға сәйкес Президент кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде мәлімдеме жасауға құқылы, бірақ ондай жағдай бола қоймас. Сондықтан, тыныштық сақтап, күнделікті жұмыспен айналыса беру керек.

Заявление Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева по поводу обращения в Конституционный Совет

Заявление Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева по поводу обращения в Конституционный Совет

Опубликовано AkordaPress Вторник, 5 февраля 2019 г.