Елдос Сметов Париждегі турнирде күміс жүлде иеленді

986
Парижде дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі басталды. Қазақстандық дзюдошылардың бірінші жарыс күнінің басты жетістігі — команда көшбасшысы Елдос Сметовтің күміс медалі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Жартылай финалда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сметов моңғолиялық Дашдаваой Амартувшинді жеңді. Финалдық тартыста ол жапониялық Такато Ноахиспен жекпе-жекке шықты. Жапон спортшысы жеңіске жетті.
Жарыстың аяқталуына бірнеше секунд қалғанша екі дзюдошы да сәтті өнер көрсете алмады. Бірақ гонгтың дыбысы шықпас бұрын Такато өз активіне бір ұпай қосып үлгерді. Сметовтің жүлдесі қазақстандық дзюдошылардың еншісіндегі екінші медаль болды. Бұған дейін Галбадрах Отгонцэцэг моңғолиялық Ганбаатар Наранцецегті жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.