ШЫМКЕНТТЕ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХVI КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

1266
Шымкентте «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясы өтіп, онда бірқатар мәселелер талқыланды. Партияның жасампаз 20 жылдағы жетістіктері сараланып, 10 жылдық бағдарлама жобасы таныстырылды.
Конференция жұмысын «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізіп отырды.
Конференцияға қала әкімінің бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының Бюро мүшесі Қ. Нұртай, мәслихат хатшысы Ғ. Ташқараев, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және өкілдері, партия ардагерлері, мемлекеттік мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов онжылдықтағы басым бағыттарды атап берді. Шымкент қаласында алдағы уақытта «Өмір сапасын ұзарту орталығы» ашылады. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында Шымкент қалалық партия филиалы «Қазақстан халқы Ассамблеясы», жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, денешынықтыру және спорт басқармаларымен бірлесе отырып осындай орталық ұйымдастырылмақ. Ол зейнеткерлер мен әлеуметтік әлсіз топтағы адамдарды қолдауды күшейту, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығын нығайтуға жағдай жасауға бағытталған.
Шымкент қаласында бүгінде 21 845 партия мүшесі бар, олар 43 бастауыш партия ұйымдарында тіркелген. Қалалық филиал конференциясына 334 делегат сайланып, оның 321-і қатысты.
Конференция жұмысын Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Қ. Нұртай қорытындылады.
– Қалада барлық салада бақылау күшейтілуде. Бағдарламада айтылған мақсаттардың бәрі де өзекті. Айтылған мәселелердің бәрі зерделенеді. Ең басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасын арттыру, экономикалық өсімді молайту. Қала активіне алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар беріледі. Алда партияның 20 жылдық жетістігіне арналған тарихи сьез өтпек. Осынау маңызды жиынға қатысатын делегаттарға сәттілік тілеймін, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.
Жиында «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ Съезіне «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалынан 60 делегат сайланды. Делегаттардың бәрі де тізім мүшелерін бірауыздан қолдап, дауыс берді.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ