Бүгін ғана мәжіліс депутатының мандатына ие болған Нұржан ӘЛТАЕВ бір баланы бағып-қағу үшін 20 мың теңгенің жететінін мәлімдеді.
Total.kz сайтының жазуынша, «Нұр Отан» партиясынан мәжіліс креслосына жайғасқан депутат бес баланың әкесі екен. Жалдамалы екі бөлмелі пәтерде тұратын көрінеді.
«Мен ойлаймын, егер ақшаны үнемдесе ол қаражат (20 мың теңге) бір айға жетеді деп ойлаймын», – деді депутат.
Алайда, мәжілісмен «жиырма мыңға балаға не алуға болады?» деген сұраққа жауап беруден қиналған.
«Бұл сауалды әйеліме қою керек. Ол күнде балалармен айналысады. Менің жұмысым ақша табу», – деді Нұржан Бауыржанұлы.
Қазір депутат ретінде 700 мыңдай айлық алатын Нұржан Әлтаев бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болған еді. Ол ведмостваның басшысы — «көпбалалы аналар миллиондаған ақша алады» деген «хит» сөздің авторы Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА.
Фото: kp.kz