Өзбекстанда Ислам Каримовтың қызы түрмеге жабылды

1093
Гүлнәр Каримова соттың үкімін орындамай, бірнеше рет заңды өрескел бұзған
Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнар Каримова темір торға тоғытылды. Бұл туралы елдің прокуратурасы хабарлады.
Ислам Каримовтың қызы заңсыз жолмын тапқан ақшаны қайтарып, мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеуге уәде берген еді. Сот оны түрмеге жаппай, бас бостандығына шектеу қойған болатын. Алайда ол бірнеше рет заңды бірнеше рет бұзған. Осы жағдайдан кейін елдің құзырлы органдары Гүлнар Каримованы жалпы тәртіптегі колонияға қамауға шешім шығарды.
«Сотталушы Каримова бос бостандығын шектеу түріндегі жазаны қызы Иман Каримованың тұрғылықты мекен-жайында өтеймін деп таңдап алған. Сотталушы заң бойынша бекітілген жалпыға ортақ тәртіпті қатаң сақтауы қажет болатын. Оның ішінде үйден шықпау, интернет пен байланыс құралдарын пайдаланбау талабы да бар», — делінген Өзбекстан прокуратурасының ресми сайтында жарияланған ақпаратта.
Сонымен қатар құзырлы орган өкілдері Гүлнар Каримоваға соттың үкімінде көрсетілген талаптарды орындамаса, өтелмеген жаза мерзімін түрмеде өткізуі мүмкін екенін ескерткен.
Алайда экс-президенттің қызы аталған талаптарды орындамай, заңды бірнеше рет өрескел бұзды.
«2018 жылдың 22 қарашасында Гүлнар Каримова тұрғылықты мекен жайынан өз еркімен шығып кеткен. Оған ескерту жасалды. Бірақ ескертулерге қарамастан Каримова бос бостандығын шектеу туралы жазаның тәртібі мен шартын қасақана бұзды. Ол байланыс құралы мен интернетті бірнеше рет пайдаланып, мемлекетке келтірілген шығынды қайтаруға бірнеше рет кедергі келтірген», — делінген хабарламада.
Сондықтан 2019 жылдың 5 наурызында Өзбекстан ішкі істер министрлігі жазаларды орындау бас басқармасы жанындағы пробация қызметінің ұсынысы негізінде Ташкенттегі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған Яшнабад ауданаралық соты Гүлнар Каримованың бос бостандығын шектеу туралы жазасын түрмеге қамау жазасына ауыстырды. Енді Ислам Каримовтың қызы жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді.