ШЫМКЕНТТЕ «БАС ҚАЛАМ — НҰР-СҰЛТАН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

1214
Шымкенттіктер ел астанасын Нұр-Сұлтан қаласы деп атауға осылайша қолдау көрсетті.
Үшінші мегаполистегі Арбат демалыс аймағында «Бас қаламыз — Нұр-Сұлтан» акциясы өтуде. Бес мыңнан астам тұрғын жиналған мерекелік іс-шара барысында шымкенттік зиялы қауым өкілдері ел астанасы атауының өзгеруіне байланысты оң пікірлерін айтып, қолдау білдірді. Олар егемен еліміздің қалыптасып, өсіп-өркендеуіне ерен еңбек сіңірген Тұңғыш Президентіміз бұл құрметке әбден лайық деп біледі.
Мерекелік акция аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Онда Ернар Айдар, «Өркен» отбасылық квинтеті, Еркін Нұржанов пен Асыл Жандаулетовтер өнер көрсетті.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ