«Қоғамдық құқықтық және еңбек қатынастардан туындайтын даулар және еңбек дауларының алдын алу»

2276
Еңбек дауларының туындауының басты себептерінің бірі ол — жалақы мәселесі.
Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан Түркістан облысы бойынша 2018 жылы 4 мекемеде 466 жұмыскердің алдында 126,6 млн. теңге жалақы қарызы анықталып, мемлекеттік еңбек инспекторларының талабымен оның 82,9 млн. теңгесі төленген. Бүгінгі таңда 1 мекемеде 63 жұмыскердің алдында 39,8 млн. теңге көлемінде жалақы қарызы қалып отыр. Атап айтқанда, Сайрам ауданындағы «Stratus-Oil» ЖШС-нің 63 жұмыскер алдында 39,8 млн. теңге жалақы қарыздары қалып отыр. Бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Жалақыны уақытылы төлемеу түріндегі еңбек заңнамасын бұзғаны үшін аталған заң бұзушылық орын алған мекемелерге мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан 7 орындалуы міндетті нұсқама беріліп, 1,723 млн. теңге көлемінде 6 әкімшілік айыппұл салынған.
Жалақы қарызы мәселесі облыстық үш жақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссиясында және облыстық дағдарысқа қарсы штаб отырысында қаралып отырады.
Сонымен қатар Еңбекке ақы төлеу барысындағы диспропорция мәселесіде бүгінгі таңда күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы алдын «кедендік бірлестік» болған, кейіннен Евразиялық экономикалық бірлестігі құрылып, Қазақстан Республикасы соның беделді бір мүшесі болуына байланысты басқа түрлі елдермен келісімдер жасалынып жатыр. Әр келісімнің астарында шетелдік мекемелермен бірлескен жобалар пайда болып жатса, сол жобалармен қоса шетел жұмыс күшіде Қазақстанға ағылуда. 2019 жылдың өткен кезеңінде Түркістан облысының аумағында Шетелдік ұйымдар мен шетелдік азаматтар жұмыс жасайтын ұйымдарды тексеру барысында диспропорцияға жататын айырмашылықтар анықталмасада, алдағы уақытта бұндай жалақы айырмашылығына қатысты мәселелердің көтерілуі әбден мүмкін.
2019 жылдың 1 наурызына Түркістан облысы бойынша шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар 19 мекеме тіркелген. Бұл мекемелерде 6786 Қазақстан Республикасының азаматтары және 111 шетел мамандары жұмыс істеуде.
2018 жылы шетел қатысуымен тіркелген мекемелерді тексеру қорытындылары бойынша 29 заң бұзушылық фактілері анықталып, міндетті түрде орындау үшін 7 нұсқама берілді және 6 заңды тұлғаға 408850 теңге көлемінде айыппұл салынды (оның ішінде: «EVRASCON» АҚ құрылыс корпорациясының филиалы-жалақы қарызы бойынша).
Еңбек заңдылықтарына қатысты мәселелер туындаған жағдайларда, кез келген уақытта облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасымен, оның мемлекеттік еңбек инспекторларымен байланысуға шақырамыз. Мына төмендегі ұялы байланыс, жұмыс сым тетігімен хабарласып, түсінбеген сұрақтар бойынша мәлімет алуға толық мүмкіндіктеріңіз бар.
Байланыс тел: 8(72533) 71150, 87012802111.
Мемлекеттік еңбек инспекторы Бисары Б.