Жемқорлықпен күрес күшейе түседі

1462
Сыбайлас жемқорлық көріністері мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің,әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы,кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.
Әсіресе, мемлекеттік органдарда сыбайлас – жемқорлыққа жол бермеу мақсатында түрлі шаралар қабылдануда. Дегенмен, ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Жемқорлық – қоғамдық дерт. Сондықтан онымен күресті тек Үкімет пен мемлекеттік құзырлы органдардың міндеті деп қарамай, Қазақстан Республикасының әр азаматы өз борышы санауы керек. Сонда ғана жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болмақ.
Облыстық қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бағытында кең ауқымдағы түсіндіру және нақты бақылау мен қадағалау шаралары жүйелі түрде атқарылып келеді. Бұл мақсатткағы жұмыстың бәрі де Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылдың 3 тамызындағы №226 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік шаралар» жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысы жұртшылығымен кездесуде сөйлеген сөзінде «Тағы бір басты қағида бұл – әділ әрі тиімді мемлекеттік қызмет.Орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланатын болады.Сондықтан басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. .Осы мәселеге байланысты бұл салада көп жұмыс істелді. Оны әрі қарай жандандыра түсу қажет. Жемқорлықпен күрес күшейе түседі» деп атап көрсетті.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне олардың шағымдану құқықтарын және тәртібін түсіндіру мақсатында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардағы өтініштерді қарау бойынша түрлі шаралар қолға алынуда.
Атқарылатын іс-шара жоспарында бекітілген жауапты қызметкерлері, басқармаға түскен өтініштерді тіркеу және есепке алу жұмыстарын «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне» және Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүргізуде.
Басқарма әкімшілігіне кіре берістегі тұсқа басшылықтың азаматтарды қабылдау кестесі ілініп, оның жанына мұнда өтінішпен келушілердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты нені білуі тиіс екені көрнекі әріптермен жазып қойылған.
Бұл орайда Түркістан облысының қаржы басқармасына:
— облыстық бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
— облыстық бюджеттің және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті әзірлеу және құрастыру;
— облыстық коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері төңірегінде туындаған мәселелер бойынша арыз–шағымдар өтініштер түсіруге болатыны хабарланған. Егер шағымдар мен өтінішітер бойынша уәкілетті орган тарапынан берілген жауаппен келіспеген жағдайда сол органның берген жауабын тіркей отырып прокуратура органдарына шағымдануға болатыны атап көрсетілген.
Қоғамымыздың барлық саласында дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және жемқорларды тауып олардың жауапқа тартылуына ықпал ету әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, барлық азаматтардың міндеті. Осы орайда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және жою, сақтандыру мақсатында бізде 8-72533-5-95-66 нөмерлі «Сенім телефоны» орнатылып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді сақтау жөнінде іс-шаралар жоспары жасалынды. Бұл іс-шара жоспарында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарында және Елбасы Жарлықтары мен Жолдауларында мемлекеттік қызметшілерге қатысты белгіленген шектеулерді қатаң сақтау міндеттелген.
Атап айтқанда: өкілді органдардың депутаты болуға; педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, егер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға; үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда өкіл болуға; өзінің қызметтік іс-әрекетін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен мемлекеттік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға; ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін ерекшеліктерге қатысуға; лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететін қызметті жеке мақсатына пайдалауға, қаржы бақылау шаралары (барлық материалдық игіліктері бойынша декларация тапсыру); мемлекеттік қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде, осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы, өзінің меншігіндегі үлестерді, акцияларды
(акцияны) және пайдалануы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге; заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшіге өзінің жақын туыстары ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) атқаратын қызмеке тікелей бағынысты лауазым атқаруына қатаң шектеу қойылғаны басқарманың барлық қызметкеріне түсіндіріліп, оны сактау міндеттелді. Бұл бағыттағы талаптардың мүлтіксіз, қатаң жүзеге асырылуын бақылау басқарманың ұйымдастыру-құқықтық және әкімшілік бөліміның басшысы А. Жұманазаровқа жүктелген.
Сондай-ақ басқармада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізінде басқарманың барлық бөлімдеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша ішкі талдау жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған. Өткен жылдың 29 желтоқсанында жұмыс тобының отырысы өтіп, онда 2018 жылдың 17 наурыздан 29 желтоқсанға дейінгі аралықта басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы қаралды.
Отырыс қорырытындысында атап көрсетілгеніндей, есепті кезеңде басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары бойынша құқық бұзу фактілері орын алмаған. Бұл басқосуда басқарма қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын-алу үшін барлық қолда бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, құқықтық түсіндіру жұмыстарын одан әрі пәрменді жүргізу және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуын одан әрі жалғастыруды қамтамасыз ету бағытындағы міндеттер белгіленді.
Басқармада жоғарыда атап өткен іс-шаралар аясында облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішевтің қатысуымен 2019 жылдың 19 ақпанында өткен қаржы басқармасының қызметкерлерінен алынған анонимді сауалнамалардың қорытындысын тақылау ұжымда басшылық пен қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынас әдебі мен жұмыс барысындағы ашықтық, әділдік пен ізгілік, сыпайлық, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытындағы күресті біріге, ұйымшылдықпен жүргізу жоғары дәрежеде екендігін, осыдан да барып мұнда қалыпты моральдық-психологоиялық ахуал орын алып отырғандығын көрсетті. Сондай-ақ осы ақпан айында 2018 жылдың қорытындылары талқыланған басқарманың жалпы жиналысында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын бұрыңғыдан да күшейте түсу мәселесі кең ауқымды әңгіме арқауына айналды.
Мемлекеттік қызметте жүрген әрбір азамат — өз қызметіне адал болса, бойында ар – ұят болса, жүрегінде иман болса – жемқорлыққа ешқашан жол бермесі анық. Жемқорлық-індет, оны жою-міндет. Қоғамның дерті болып саналатын сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бар күш-жігерімізді сала беретін боламыз.
Абдрахман ТАСЫБАЕВ,
Түркістан облысы қаржы басқармасының басшысы.