Басты Спорт Бакуде қазақ боксшыларына бір алтын ғана бұйырды
Бокстан Әзербайжан елінің астанасы Бакуде ұйымдастырылған «Жібек жолы» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Финалға шыққан алты қазақстандық боксшының біреуі ғана алтын алды.
Бакудегі жарысқа Қазақстан құрамасының екінші және үшінші нөмірлі боксшылары барды. Дегенмен алты бірдей боксшымыз финалға дейін сүрінбей жеткен. Алайда шешуші шайқаста жеңіске жеткен отандастарымыз аз болды.
49 кг салмақ дәрежесінде Шалқар Айқынбай топ жарды. Ол финалда өзбек боксшысы Нодиржон Мирзаахмедовты айқын ұтты.
Өзге қазақстандық бес боксшы финалда қарсыластарына жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ кеше Ермек Мәдиев пен Алмасбек Әлібеков қола жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын.
Жалпыкомандалық есепте Әзербайжан құрамасы бірінші орын алды. Жарыс иелері 4 алтын медаль еншіледі. Екінші орын алған Өзбекстан құрамасы 3 алтын жүлде еншіледі. Қазақстан мен Ресей құрамалары бір-бір алтын медальмен шектелді.
Финалдық жекпе-жектер нәтижесі:
49 кг Шалқар Айкынбай (Қазақстан) — Нодиржон Мирзахмедов (Өзбекстан) — 5:0 52 кг
Масуд Юсифзаде (Әзербайжан) — Олжас Байниязов (Қазақстан) — 3:2 56 кг
Тайфур Алиев (Әзербайжан) — Оразбек Асылқұлов (Қазақстан) — 5:0 60 кг
Шукуржон Рахимов (Өзбекстан) — Мохамед Хамут (Марокко) — 0:5 64 кг
Сабыржан Бақбергенов (Қазақстан) — Алиса Шафиров (Ресей) — 0:4 69 кг
Маулен Өскенбек (Қазақстан) — Икболжон Холдаров (Өзбекстан) — 2:3 75 кг
Камран Шахсуварлы (Әзербайжан) — Амин Кушхов (Әзербайжан) — 5:0 81 кг
Рауф Рахимов (Әзербайжан) — Альфонсо Домингес (Әзербайжан) — 5:0 -91 кг
Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан) — Рахиль Маммадли (Әзербайжан) — 3:2 +91 кг
Данила Семенов (Қазақстан) — Обиджон Тохиров (Өзбекстан) — 0:5
Айта кетейік, сәуір айының ортасында Тайландта Азия чемпионаты өтеді. Сары құрлықтың басты додасына ұлттық құрама негізгі құраммен барады деп күтілуде.
Дереккөз:massaget.kz