Абаев Тоқаевтың отбасылық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

1780
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан президентінің Мәскеуге сапары жайында айтып, мемлекет басшысының отбасы жағдайына байланысты пайда болған түсініспеушіліктер туралы әңгімеледі деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасылық жағдайы бірнеше апта бойы талқылануда.
Тілшілер әртүрлі кездесулерде президенттің саусағында сақинасы барын байқаған, Алайда Ақорданың ресми сайтында Тоқаевтың некеде тұрмағаны айтылған.
Бұл әңгімелерді естідім. Бірақ мен кейбір адамдардың көңілін түсіремін бе деп қорқамын. Білуімше, бәрі сөз етіп жүрген сақина — Қасым-Жомарт Кемелұлының мерейтойына арналған естелік сыйлық. Бұл неке жүзігі емес, президент екінші рет үйленбеген», — деді министр.
Сондай-ақ журналистер Абаевтан желіге тараған Мәскеудегі президенттің кортежіне қатысты түсініктеме беруді сұрады.
Біріншіден, Қазақстаннан Мәскеуге жоғары лауазымды тұлғалардың үлкен делегациясы келгенін түсіну керек. Осыған орай ресейлік қызметтер тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдағаны үшін оларға дән ризамыз. Екіншіден, мұндай қабылдау шынымен біздің мемлекет басшысына және бүкіл қазақстандық делегацияға айрықша көзқарас пен жоғары құрметтің көрсеткіші деген пікірмен келісемін», — деді министр.