АҚ АЯҚ КИІМДІ ҚАЛАЙ КҮТУ КЕРЕК?

2245
Күн жылына бастағанда әдемі әрі сәнді аяқ киімімізді шкафтан шығара бастаймыз. Ақ түс әмбебап түстердің біріне жататындықтан, ақ түсті аяқ киім барлығында дерлік бар деп ойлаймын. Ақ түсті аяқ киімдер әдемі көрінгенімен, ерекше күтімді қажет етеді. Себебі оған тиген кез келген дақ пен жарық бірден көзге түседі. 
Ақ немесе ашық түсті былғары аяқ киіммен даладан үйге кірген кезде шаңын жүн матамен сүртіңіз. Содан соң оған қалпына келгенше 15-20 минут сайын аяқ киімге арналған түссіз крем жағыңыз.

Егер аяқ киімді жуу қажет болса, жұмсақ ысқышпен немесе тіс щеткасымен, жылы ерітілген сабын және жуатын ұнтақ көмегімен тазартуға болады. Содан соң ағын сумен абайлап шайып тастау керек. Аяқ киім ішіне су тимеуін қадағалаңыз. Аяқ киім толық кепкен соң, түссіз крем жағыңыз.

Былғары аяқ киімнің ақ түсін әрі жарқырауын сақтау үшін жарты стақан сүтті бір жұмыртқаның ақуызымен араластырып, қоспамен аяқ киімді уақытылы тазартып тұру қажет.

Егер ақ аяқ киім қатты ластанып, дақтары болса, оны керосинмен және бензинмен кетіруге болады.

Аяқ киімдегі шөптен қалған дақтарды қарапайым ақ өшіргішпен кетіруге болады. Басқа дақтарды сүтке салынған шүберекпен сүртіп, одан соң түссіз крем жағу арқылы тазартыңыз.

Егер ақ аяқ киімде майлы дақтар болса, алдымен тазартатын ерітінді дайындап алыңыз. Ол үшін бір стақан суға бір ас қасық мүсәтір спиртін араластырыңыз. Майлы дақты осы ерітіндімен тазалап, одан соң құрғақ шүберекпен сүртіңіз.

Дереккөз: Reactor