Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден Азия чемпионатында топ жарды

1240
Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты деп хабарлайды Olympic.kz. 
100 метрге жарысудан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова Азия чемпионы атанды. Ол аталған қашықтықты 11:17 секундта жүгіріп өтіп, құрлық додасының жаңа рекордын орнатты. О.Сафронова бұл көрсеткіші арқылы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.