Талдықорғандағы Салтанат сарайында Жетісу жұртшылығымен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар мен дәрігерлерді мемлекеттік марапаттан тыс қалдырмауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Президент жыл соңында, яғни, желтоқсан айында министр, депутат, әкімдердің омырауы түрлі наградаға толатынын айтты.
«Бірде-бір министр, депутат, әкім наградасыз қалмаған. Барлығында орден бар. Әр бес жыл сайын олар орден алады. Мен түсіне алмаймын. Ал жүз мыңдаған ұстаздар, дәрігерлер, журналистер, жұмысшылар мемлекет тарапынан марапатсыз қалып жатады. Олар басқалардан аз еңбектеніп жүрген жоқ қой. Сондықтан, олар да назардан тыс қалмауы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар еңбек адамдарына, әсіресе ғалымдар, құрылысшылар, қарапайым жұмысшыларға берілуі керек екенін атап өтті. ___________ Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что всякий труд, особенно труд ученых, строителей, рабочих, почетен и должен отмечаться государственными наградами и становиться достоянием общественности.
Опубликовано Берік Уәли Четверг, 2 мая 2019 г.