«Мейірімділік» қоры Майлыбаевтар отбасында қонақта болды

1613
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң «Мейірімділік» қоры көп балалы Майлыбаевтар отбасын құттықтады. Отбасы басшысы Асылхан Майлыбаев Еңбекші аудандық су арнасында слесарь болып жұмыс істейді. Ол бес баланы: үлкендері Меруерт, Шыңғысхан, Жалғас және кенжетайлары Айару мен Айшаны жалғыз өзі тәрбиелейді. Жылы отбасылық атмосферада балалар қалай оқитынын, нені жақсы көретінін, өскен кезде кім болғысы келетінін айтып берді. Қонақтар балаларға тәтті тағамдар сыйлады, «Мейірімділік» қоры тарапынан қаржылай көмек көрсетілді.