Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыстардан зардап шеккендер жатқызылған Шымкент қаласындағы ауруханаға барды. Бұл туралы өзінің facebook-тегі парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысы Арыстағы жарылыстардан зардап шеккендер жатқызылған Шымкент қаласындағы ауруханаға барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жарақат алғандардың жағдайлары туралы баяндалды. Президент төтенше жағдай болған аймақта дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, зардап шеккендерге тезірек жазылып кетулерін тіледі»,-деп жазды Б. Уәли.
Айта кетейік, «ҚазАқпарат» осыған дейін Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығын хабарлады.
Оқиға орнына шұғыл түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетіп, жарылыс аумағынан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.
Опубликовано Берік Уәли Понедельник, 24 июня 2019 г.