Бүгінгі таңдауым, ертеңгі болашағым

604

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Терешкова атындағы N31 ЖОББМ бітіруші түлектер үшін ҚББ-ң 10.03.2021 хатының негізінде 2021-2022 оқу жылына кәсіптік бағдар беру бойынша 11 сынып оқушыларымен “Бүгінгі таңдауым, ертеңгі болашағым” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласы көлік колледжі маманы Атамқұлов Бәйдібек Құнанбайұлы, Халықтар Достастығы университетінің жастар ісі жөніндегі бөлімінің төрағасы Бексейіт Әшірбергенұлы, жол саласында қызмет етіп жүрген жас маман Мылтықбай Алдаберген Кәрімбайұлы, N31 ЖОББМ-ң кешегі түлегі бүгінгі ұстаз ағылшын пәні мұғалімі Кенесалы Аяна Ниматуллақызы, 2020 жылы осы аталған мектепті “Алтын белгімен” бітірген грант иегері Ерікұлы Ердаулет, сонымен бірге Абай атындағы педагогикалық университеті арнайы білім беру кафедрасының магистранты Нақып Асылзат Ақылқызы мектеп бітіруші түлектер үшін мамандық таңдауда кәсіптік бағдарлау бойынша, өз тәжірибелерін ортаға салып, қолдау көрсетіп, ой бөлісті. Түлектерге мамандықтар бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілді, таңдаған мамандық шеңберінде кәсіпке бейімдеу, ынтымақтастықты дамыту шаралары жүзеге асырылды.