Түркістан облысы балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері қамалды

1013
Ануарбек Маймақов 2009 жылдан бері Түркістан облысы балалар ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарған.
Шымкентте балалар ауруханасын басқарған бұрынғы жоғары лауазымды медицина қызметкері үйқамаққа алынды. Ануарбек Маймақов мемлекет қаражатын иемдену және ысырап ету бойынша күдікке ілінді, деп жазады kaz.nur.kz.
Жақында Шымкентте күдіктіге қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілді. Ануарбек Маймақов 2009 жылдан бері Түркістан облысы балалар ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарған. Оның қорғаушысы Сапар Әміртаев Маймақовтың нақты қандай қылмыс бойынша айыпталып жатқанын жеткізді. Айтуынша, дәрігерді өзі басқаратын ұйымға алынған екі қорғаушыға 400 және 280 мыңнан ақша аударған деп айыптауда. Ал аталған қорғаушылар іс жүзінде жұмыс істемеген көрінеді. Сапар Әміртаев бұл істің тексеріліп жатқанына байланысты әзірге шешім шығару ерте екенін түсіндірді.
Құзырлы органдар Маймақовтың қызмет еткен медициналық мекемесіндегі барлық деректерді тексеруде. Қазіргі уақытта бұрынғы бас дәрігердің екі ай бойы үйқамақта отыратыны белгілі болды. Оның күдіктеліп жатқан қылмысы бойынша 2-ден 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл салу жазасы қарастырылған. Сондай-ақ бұрынғы бас дәрігердің есімі бұған дейін тағы бір даулы мәселеде бой көрсеткен болатын. 2017 жылы оның қоластындағы қызметкерлері құзырлы органдарға жүгініп, жалақыларын ұстап қалғанын мәлімдеген. Сол кезде дәрігердің 38,5 млн теңгені жымқырған деген күдікке ілінгені хабарланды. Айта кетейік, лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдіктеліп жатқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың екі айға қамауға алынғанын хабарлағанбыз.