«Мемлекетті бестік спираль жүйесі бойынша басқару керек»

1396
Оразалы Сәбден
Қазақстан халқына,
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа датым!
Әлемнің тез өзгеруі соншалықты, ертең не боларын болжау қиын. Экономист ғалым ретінде мен еліміз жаңа өркениеттен қалып қалмау үшін, Қазақстан экономиканың жыл сайынғы өсімін, яғни, жалпы ішкі өнімді кем дегенде 5-6% өсіріп отыру керек деп ойлаймын. Спорт тілімен айтатын болсақ, «жаңа қашықтыққа жүгіруге» дайындалу керек. Егер тез «жүгіретін» болсақ, тез шаршап қаламыз, ал жәй «жүгірсек», қалып қаламыз. Экономикамыздың дұрыс даму қарқынын табу үшін не істеу керек?
Қазақстан қазір жолайырықта тұр. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, біз қай жолды таңдауымыз керек? Соңғы 30 жылда жоғары нәтижелерге қол жеткізген және әлемдегі екінші экономика болып табылатын, сонымен қатар, мұсылмандардың, оның ішінде бауырларымыздың құқығы тапталып отырған Қытай жолымен жүреміз бе, әлеуметтік инновация мен азаматтық қоғамның дамуын басты құндылық ретінде қойған Скандинавиялық мемлекеттердің жолын таңдаймыз ба? Әлде бюрократиялық дамудан кейін шұғыл демократия жолын таңдаған Оңтүстік Корея тәжірибесін аламыз ба? Сонымен қатар, қазір ең инновациялық мемлекет кешегі біздің КСРО бойынша көршіміз –  Эстонияның жан басына шаққандағы табысы 25 000 АҚШ долларынан асқан. Интернетті қолдану жылдамдығы бойынша Эстония бірінші орында, ең үлкен қаражат бастауыш білім берудің дамуына салынған. Сингапур, Жапония, Малайзия, Индия, Татарстан және басқа да мемлекеттердің тәжірибелері де пайдалы.
Бір ескере кететін жәйт, бұрынғы кезде «балды басқарғандар» деп, өнеркәсіпте – темір, ауылшаруашылық экономикасында – жер, ал қазір «деректер» –  ақпараттық ғасырдың, экономиканың шикізаты, ақпаратқа, сандық қамтамасыз етуге негізделген. Яғни, жобаларды бағдарламалау, интернет-технология, роботтандыру, жасанды интеллектті басқару, геномика, сандық экономика, үлкен мәліметтер және басқалары, бұлар болашақтың, жаңа экономикасының негізі.
Ал бізге, Қазақстанға, яғни шикізат мемлекетіне, біздің ерекшеліктерімізді қалай жаңа жаһандық дамудың трендтерімен тиімді үйлестіру қажет? Сонымен қатар, VI технологиялық укладқа сәйкес (нано-биотехнология, гендік инженерия, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, ғарыштық технологиялар) технологиялық даму тұрғысынан біз, біршама айтқанда, біртұтас технологиялық укладтан артта қалдық, яғни шамамен 40-50 жылға кейінбіз деген сөз.
Осыған орай, менің тұжырымдамам бойынша, біз жолайырықта тұрмыз. Егер қазірге дейін 29 жыл бойы шетелдік «серіктестеріміздің» кеңесімен жүріп, ескі жолмен барсақ, онда соңы – тығырық. Немесе біз ең озық, өзімізге лайықты шетелдік тәжірибені қолданып, қоғамды өзгерте отырып, өзіміздің отандық даму жолымызды табамыз. Сонымен қатар, біз қандай болғанымызды, тарихымыз бен болмысымызды тектоникалық тереңдікте сезіне отырып, кім екенімізді, қайда бет алғанымызды, мына қиын әлемдік өркениетте не күтіп тұрғанын білу керекпіз.
Әрине, таңдау халықта. Бірақ халыққа бұл дағдарыс жағдайдан қалай шығу туралы бағдарламасын ұсыну қажет. Бұны қазіргі билік жасай алмайды. Олар шындықтың толық көрінісін көрмейді, өйткені мемлекетті вертикалды түрде, жоғарыдан төмен, ескі әдістермен, орынсыз амалдармен басқарып келеді. Солайша жаһандық желінің, жаппай коммуникацияның, жаһанданудың жаңалықтарының  мәнін түсінбейді. Биліктегі кімде-кім біздің өзгермелі өмірімізді түсінсе де, қазіргі құрылған жүйе, жемқорлы билік құрылымы бұны не дегенмен жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Бұл Қазақстан үшін «Ариаднаның жұмбақ жіптері» секілді болып тұр. Біз өзіміздің сезімталдығымызды қалыптастыру керекпіз. Осы сәттен бастап, не желілік дәуірге сәйкес келмесе – менің ойымша, біздің саясат, ұлттық қауіпсіздік, мәдениет, білім мен ғылым және т.б. – ақпараттық коммуникация және халықтың көпжылдық шыдамдылығының таусылуы әсерінен бөлшектерге шытынауы мүмкін.
Сол себепті де, мемлекетке, желілік экономика мен ақпараттық коммуникацияға негізделген стратегиялық жүйелік реформа керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта қабылданып жүрген ішінара шешімдермен халыққа өте маңызды болса да, 29 жыл бойы жиналған проблемаларды шешу өте қиын болар.
Мемлекет бай болуы мүмкін. ЖІӨ-нің үлкен көлемі де болуы мүмкін, бірақ ақпараттық қамтамасыздықтың, әлеуметтік инновацияның, заңнамалық қамтамасыз етудің  жетіспеушілігі және жұмыссыздық, көп балалы отбасылар, жастар проблемалары және басқалар оны осал етеді. Бізде орын алған жағдай сияқты. Біз үнемі біздің экономика өсіп жатыр, банктік жүйе жақсы және т.б. деп мақтанатынбыз. Нәтижесі неге жетті? Нәтижесі, біз жүйелі түрде дами алмай, экономика мен өндірісті әртараптандыра алмай, шикізатты, жемқорлық, бюрократиялық мемлекет болып қалдық. Көптеген қабылданған бағдарламалар, үлкен ресурстар жұмсалғанына қарамастан, күткен нәтижені бермеді.
Қазақстанға қазір бұрын соңды болмағадай қиындық, өйткені бізге екі мәселені шешу өте маңызды: біріншіден, 2020 жылы келе жатқан әлемдік дағдарыстың екінші кезеңімен мемлекет қалай күреспек? Халыққа ауыртпалық түсірмейтін дағдарысқа қарсы бағдарламаны жасап, қабылдау қажет. Екіншіден, көпжылдар бойы қалыптасқан авторитарлы өмір салтынан кейін, бұндай қиын жағдайда қоғамды радикалды демократизациялау бойынша саяси реформалар қабылдау керек.
Не істеу керек және кандай нақты ұсыныстар бар деген сұраққа, келесідей жауап беруге болады:
Қазақстанның экономикасын жүйелі басқару үшін мемлекетті бестік спираль (мемлекет, бизнес, ғылым, қоғам қажеттіліктері және ақпараттық қамтамасыздандырудан тұратын) негізінде басқаруды алғашқы рет ұсынып отырмын. Ешқай жерде мемлекеттік экономиканы басқаруда бұндай кешенді амал қолданбағандығын автор ретінде сеніммен айта аламын.
Біріншіден, бізде саясатта және экономикалық модельдер арасындағы алшақтық басым. Шындықтың бетіне қарайтын болсақ, бізде экономика ашық, яғни жақсы ма жаман ба бұл жерде барлық нарықтық элементтер қатысқан. Ал саяси жақты алатын болсақ, ол бізде жабық. Жүйе жұмыс істемейді, себебі саясат пен экономика құстың екі қанаты сияқты. Азаматтық қоғамның рөлі кішкентай.
Ең бастысы, саясатты ашық қылу керек, яғни радикалды саяси реформалар жүргізу керек. Ақыры биліктің ауысу жүйесі болу керек. Бұл үшін мемлекеттік тұрғыда Конституцияға, конституциялық заңдарға, ҚР сайлау туралы жаңа Заң, жергілікті өзін өзі басқару Заңы және басқа демократияны және барлық билік тармақтарының балансын қамтамасыз ететін заңнамалық актілер қабылдау қажет. Биліктің үш тармағының жаңа құрылымын қалыптастыру арқылы Парламенттің өкілеттіктері едәуір кеңейтіп, бір палаталы Парламентке көшу қажет. Бір мандатты көпшілік округтарда 50% және партиялық тізім бойынша 50% сайлау өткізу қажет. Нәтижесінде Парламентте көппартиялы жүйе, азаматтық қоғамның өкілдіктері (бір партиялы мнополия емес), оңтайлы шешімдер қабылдау үшін пікірталас алаңы құрылады. Маған, 4-дүркін Парламент депутатына бұл «жағдай» әбден белгілі.
Екіншіден, жақын арадағы бизнестегі басты мақсат – елде орта тапты қалыптастырып, шағын бизнесті жалпыхалықтық игілігі ету.  ҚР экономикасының дамуына қуатты серпін беру үшін стратегиялық жоспар бойынша шағын және орта бизнесті жедел дамыту стратегиясының тұжырымдамасын жасау қажет. Тұжырымдаманың мақсаты — шағын және орта бизнесті елдегі трансформациялық өзгерістердің негізгі факторына айналдыру, шағын кәсіпкерлікке халықты белсенді тарту арқылы экономиканы шикізаттық модельден инновациялыққа көшіру және экономикалық білімді қалыптастыру. Осыған байланысты, біз шағын және орта бизнесті үдемелі дамыту стратегиясының Тұжырымдамалық негізгі ережелерін, соның ішінде сапалы, инновациялық саясатқа және ұлттық экономиканы дамытудың жоғары деңгейіне бағытталған 9 жобаны жасадық. Осы жобаларды іске асыру Қазақстандағы жедел экономикалық өсудің жаңа драйвері бола алады.
Үшіншіден, жаһандық дағдарыс рухани жаңғыру, әлеуметтік-мәдени өркениет, атап айтқанда, ғылым мен білім, мәдениет пен имандылық, адамгершілік құндылықтар саласындағы теріс салдарларды анықтады. Сұрақ қоғамның моральдық тозу қаупі туралы болып тұр. Мұның басты белгілерінің бірі – мемлекеттік басқарудағы ең төменгі деңгейден жоғары деңгейге дейінгі адами капиталдың барлық салаларында белгілі кәсіби қабілетсіздік болып тұр. Бұл әсіресе дамушы елдер жағдайында айқын көрінеді. Мысалы, дағдарыс кезінде тіпті дамыған елдердің өзінде тәуекелді басқаруда кадрлардың жетіспеушілігін сезінді.
Осыдан әлеуметтік инновацияның жаңа парадигмасы білімді қоғам, тұлға туралы пайда болады. Жаһандық дағдарыс жағдайында білім беру және ғылым алдыңғы қатарға шығып, ұдайы өндірістік циклдің бүкіл жүйесінің негізіне айналады. Идеяның пайда болуынан бастап, адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайда табумен аяқталатын, сондай-ақ жаңа өркениеттік даму үшін инвестицияларды жүзеге асыру.
Сондықтан бізге мынадай адами капитал саласында қаржыландыруды көбейтіп, қалыпты өмірге байланысты минималды қалыптар құру керек және бәсекеге қабілетті креативті экономикаға өту керек:
— денсаулық сақтау (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша денсаулық сақтауды қаржыландыру ЖІӨ-нің 6% -дан кем болмауы керек, ал бізде 3,2%);
— ғылым (мемлекеттің қалыпты дамуы үшін ғылымды қаржыландыру ЖІӨ-нің 1,5-4,5% болуы керек, ал бізде — 0,13%);
— білім (ЖІӨ-нің кем дегенде 6%, ал бізде 3,2%);
— мәдениет (ЖІӨ-нің кем дегенде 5%, ал бізде 3%);
Бұл көрсеткіштер біз экономиканың өте маңызды бағыттарына қалдықтық негізде ұстағанымыз көрініп тұр, нәтижесінде олардың артта қалғандығын айқын көрсетеді. Мысалы, ғылымды қаржыландыру 10-30 есе артта қалған кезде, кедей ғалымдардан әлем жаңалықтарын қалай талап етуге болады?
Төртіншіден, адами және әлеуметтік қажеттіліктер саласында әр адамның жеке тапсырысына дейін тауарларға, қызметтерге және басқа да әлеуметтік қажеттіліктерге әртүрлі әлеуметтік сұраныстарды қалыптастыру қажет. Осыған байланысты үшінші сектордың, яғни азаматтық қоғамның рөлі күрт артады, өйткені уақыт өте келе ол жасампаздық белсенділік арқылы үкіметтің әлеуметтік сенімінде үлкен үлесті алады. Әлеуметтік капиталды қалыптастыру бірінші кезекте тұрады және нарық пен үкімет инвестицияланады.
Осыған сүйене отырып, адами капитал саласындағы осындай минималды әлеуметтік-экономикалық стандарттарды (өмір сүрудің белгілі бір стандарттарын) орнату арқылы біз шынымен де жайлы өмірді қамтамасыз ете аламыз. Минималды стандарттарды экономикалық өсу қарқынымен байланыстыра отырып, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын анықтауға болады. Бұл Үкіметтің айналысуы керек мәселесі.
Әлемдегі ең бай елдердің бірі бола отырып, сонымен бірге халқы аз болғандықтан, біз осы бай мұраны сақтай аламыз ба? Біздің еліміздің адами әлеуетін әр адамның «кодталуынан» жеке тұлғаның биометриялық өсуі үшін дейін бағалауымыз керек. Басқаша айтқанда, барлық тұрғындарға жан-жақты қызмет көрсету және өзін-өзі қамтамасыз ету үшін барынша жағдай жасау, желілік экономикамен, Интернет желісімен және цифрландырумен елді «қамту». Мұнда ең бастысы ұлттық қауіпсіздікті, адамгершілік аспектіні қамтамасыз ету — адамды бақылау емес, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруда көмектесу керек.
Бесіншіден, ақпараттық қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқарудың барлық компоненттерінің 5-тік спираль негізінде өзара әрекеттесуі өте маңызды міндет жүктелген. Мұнда желілік байланысты қалыптастыру, деректер базасы, сенсорлық ақпарат ағыны, басқарушылық байланыстардың барлық блоктарының тиімді жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Инженерлік тілде айтатын болсақ, осы жобаны іске асыру барысында мемлекеттік басқару жоғары сапалы түпкілікті өнімді ұсынатын жабық технологиялық цикл түрінде пайда болады. Мен 5-тік спираль негізінде мемлекеттік басқарудың компоненттеріне қысқаша тоқталдым, олар менің ҚР Президенті К.К.Тоқаевқа берген жазбада егжей-тегжейлі жазылған. Енді бәрі ҚР Президентінің саяси еркіне байланысты.
Алтыншыдан, менің ойымша, мемлекет жүйелі түрде өзгеру үшін тез арада 4 жобаның шешу тетіктерін жасау қажет:
1. ҚР ашық нарықтық экономика болуы керек, әсіресе ашық саясат және қоғамды демократияландыру, соңғысы жоқтың қасы. Ол үшін Конституциядан бастап бірқатар заңдардың қабылдануымен осы бағыттарды түбегейлі реформалау қажет…
2. Қоғамның рухани жаңаруы қажет. Негізгі назар мәдени, тарихи және моральдық – адамгершілік құндылықтарға, әсіресе жаңа білімге аударылуы керек. Нағыз демократияны тек білімді ел, азаматтық қоғам құра алады. Осындайда ел болып ұлы Абайдың толық адам ілімін игеру қажет.
3. Ауылды жаңарту мен ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық беру керек. Мұнай мен газдың орнына бренд астық пен ет өндірісі болуы керек. Қазақстан өзінің азық-түлік мүмкіндігімен әлемнің бірнеше елін тамақтандыра алады. Жасанды интеллект, робототехника, адам геномы және басқалардың пайда болуымен байланысты №1 проблема адамдарды экологиялық таза өнімдермен және сумен қалай тамақтандыру біздің генофондымызды сақтайды. Сондықтан дәл қазір мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек және жақын арада азық-түлік державасына айналуымыз керек.
4. Жаңа индустриялық-инновациялық саясатқа көшу, технологиялық құрылымдарды жедел дамытудың тиісті Мемлекеттік бағдарламасымен сыни технологиялар тізімін жасау және енгізу.
Құрметті көп ғасырлық мәдени және тарихи құндылықтары бар тауқыметті көп тартқан ағайын!
Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-жомарт Кемелұлы Тоқаев!
Мен ұсынған осы ұсыныстарды іске асыру алдағы 7 жылда Қазақстан Республикасының «ХХІ ғасыр өркениет пойызының соңғы вагонына» отырып, озып кеткендерді қуып жетуге мүмкіндік береді. Біз не ғасырлар бойы шикізат елі болып қала береміз, не себепсіз бізді қоршаған монополиялық елдердің иемденуіне тап боламыз… Бізде қазір кеңістік пен уақыт шектеулі. Ақиқат сәті келді. Сонымен, қазір, бұрынғыдай емес, біздің алдымызда Гамлет сұрағы пайда болып тұр … ..?
Оразалы Сәбден,
Қазақстан ғалымдар Одағының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰИА академигі, э.ғ.д., профессор.
Abai.kz