Басты Шымкент Тарифтер өзгеріссіз, 2019 жылдың деңгейінде қалдырылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілеттігіне табиғи монополия саласын бақылау және реттеу болғандықтан, бүгін тұрғын үй-коммуналдық саласы қызметтерінің тарифтері туралы айтатын боламыз (сумен жабдықтау, канализация, жылу, газ- және электрэнергиясымен жабдықтау).
Қазіргі таңда, Департаментте 75 реттеліп көрсетілетін қызмет түрі бойынша 58 табиғи монополиялар субъектілері тіркелген. Оның ішінде электр энергиясын беру саласы бойынша – 6, жылу энергиясын беру саласы – 6, тауарлық газды тасымалдау саласы бойынша – 3, сумен жабдықтау және су бұру саласы бойынша – 20, кірме жолдар саласы бойынша – 39. (1 қоғамдық маңызы бар нарықтағы субъекті «Жеңіс-Т» ЖШС-і тауарлық газды бөлшек саудада өткізу).
1.01.19 жылы Шымкент қаласы бойынша тарифтерді төмендету 4,0 млрд.теңгені құрады:
жылумен жабдықтау саласында:
— тұрғындарға тарифтер 1 Гкал үшін 6055,48 теңгеден 4910,28 теңгеге немесе 18,9%-ға, сонымен қатар есептеуіш құралдары жоқ тұрғындар үшін 1 шаршы метрге 142,31 теңгеден 110,78 теңгеге немесе 22,16%-ға төмендеді;
— заңды тұлғалар үшін орташа тариф 1 Гкал үшін 17319,26 теңгеден 15587,34 теңгеге немесе 10%-ға төмендеді (ҚҚС-н қоса есептегенде).
сумен жабдықтау бойынша тарифтер орташа есеппен 10% төмендеді:
— тұрғындарға 1 м3 үшін 97,97 теңгеден 88,17 теңгеге немесе 10%-ға;
— заңды тұлғаларға 1 м3 үшін 333,96 теңгеден 300,56 теңгеге немесе 10%-ға төмендеді.
сарқынды суларды бұру бойынша тарифтер 10% төмендеді, оның ішінде:
— тұрғындарға 1 м3 үшін 39,03 теңгеден 35,13 теңгеге немесе 10%-ға;
— заңды тұлғаларға 1 м3 үшін 170,26 теңгеден 153,24 теңгеге немесе 10%-ға төмендеді (ҚҚС-ны қоса есептегенде).
газбен жабдықтау саласында тарифтер:
— тұрғындарға 1 м3 үшін 34,47 теңгеден 32,47 теңгеге немесе 5,8%-ға;
электрэнергия саласы бойынша тарифтер орташа есеппен 6,8% төмендеді, оның ішінде:
— тұрғындар үшін 6,8% 15,72 теңгеден 14,65 теңгеге;
— заңды тұлғалар үшін 27,17 теңгеден 25,32 теңгеге немесе 6,8%-ға төмендеді.
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңында табиғи монополия субъектілері ұзақ мерзімдерге (5 және одан да көп жылдарға), шығындары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес әр жылы өсуімен бекітілген тарифтермен жұмыс жүргізуі қажет.
Бекітілген тарифтердің шекті деңгейлері бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі жоспарланған:
— Сумен жабдықтау қызметтері орташа есеппен 20,7%-ке;
— Сарқынды суларды бұру (канализация) қызметтері орташа есеппен 24,4%-ке;
-Жылумен жабдықтау қызметтері орташа есеппен 16,2%-ке.
Департамент Шымкент қаласы әкімдігімен және табиғи монополиялар субъектілерімен («Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «3-Энергоорталық» АҚ , «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК, «Сайрам су» ӨК, «Тасқұдық БАҚ» ЖШС, «Родник-2004» ЖШС, «Нұр Арыстан» ЖШС, «Женис-Т» ЖШС») бірлесіп тұрғындар үшін тарифтер өсімін тежеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарды.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, табиғи монополия субъектілері өздері тарапынан тұрғындар үшін тарифтерді төмендетуге және 2019 жылдың деңгейінде қалдыруға шешім қабылдады, яғни 2020 жылға сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру, жылумен жабдықтау қызметтерінің тұрғындар үшін тарифтері өзгеріссіз, 2019 жылдың деңгейінде қалдырылды.
Алайда, Энергетика министрлігі электр станцияларымен өндірілетін электр энергиясы тарифтерінің шекті деңғейлерін өсіруінен электр энергиясының тарифтері тұрғындарға 5,9%-ға, 1 кВт/сағ. 14,65 тенге-ден 15,52 теңгеге, тұтыну көлемі 70 кВт. -қа дейін тұтынатындарға – 4,8 % -ға немесе 1 кВт/сағ. 13,49 тенгеден 14,14 теңгеге өсіп отыр.
Газбен жабдықтау бойынша керісінше, 1 текше метр газ үшін ҚҚС-н қоса алғанда 32,47 теңгеден 31,59 теңгеге немесе 2,7%-ға төмендеді.
2020 жылы тұтынушылармен тарифтердің көтерілуіне жол берілмеуінен 2,32 млрд. жуық теңге үнемделеді.
Тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар, монополистермен тарифтік сметалардың және инвестициялық бағдарламалардың орындалуын қадағалау мақсатында, Департаментпен тариф белгілеу бойынша аймақтық комиссияның құрамы, әкімдіктің, мәслихат депутаттарының, табиғи монополия субъектілерінің, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының, «Нұр-Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің және тәуелсіз сарапшылардың өкілдерінің енгізілуімен қалыптастырылады.
Коммуналдық қызметтер бойынша таласты және проблемалық мәселелерді тез арада шешу мақсатында әр айдың бірінші бейсенбісінде Департаментпен «Атамекен» ҰКП, «Нұр-Отан» партиясының және монополистердің қатысуымен тұтынушыларды қабылдау өткізіледі. Хабарлама БАҚ және телеарналарда және әлеуметтік желілерде жария етіледі.
Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдаулар: Деппартамент басшысымен -әр сәрсенбіде, орынбасарымен – әр бейсенбіде жүргізіледі.
Көпшілік және жеке қабылдауға 32-15-05 байланыс телефоны арқылы жазылуға болады.