Шымкентте тасқын су жағдайы тұрақты

1104
Казгидрометтің мәліметі бойынша тауда қардың мөлшері нормадан 12 см жоғары. Бірнеше күн бойы ауа температурасы +10 +12 градусқа дейін жылы болады, қалада қар жоқ.
Қазіргі таңда қала аумағындағы тасқын жағдайы бір қалыпты. Қаладағы 4 су қойманың жағдайы қанағаттанарлық, оларға алдынғы жылдары меншік иелерімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. ҚР ІІМ аумақтық бөліністерінің күш және құралдары дайыгндыққа келтірілген – ол 487 адам, 60 бірлік техника, 28 жүзу құралдары мен 38 мотопомпа (ТЖД – 297 адам ж/қ, 49 техника және 28 жүзу құралдары, 38 мотопомпа, Ұлттық ұлан – 100 адам ж/қ және 5 техника, Полиция департаменті – 90 адам ж/қ және 6 техника).
Ирригациялық жүйені дайындыққа келтіру үшін 2019 жылға арналған қалалық бюджеттен өзендер мен арналарды ұстау, 19 (он тоғыз) тұйық ирригациялық учаскелерді жою, сондай-ақ қаланың 12 көшесінде (Абай ауданы — 2850 м, Әл-Фараби ауданы — 1345 м, Еңбекші ауданы — 1272 м) қосымша ирригациялық лотоктарды салу және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қаржы қаралды. 2020 жылға өзендердің арналары мен ирригациялық лотоктарды күтіп ұстауға қаржы қаралып, жалпы ұзындығы 59 км болатын 29 көшеге ирригациялық лотоктар салу жоспарлануда.
Тасқын жағдайы тұрақты бақылауға алынған, азаматтық қорғаудың қалалық жүйесінің басқару органдары, күштері мен құралдары тасқын мезгіліндегі төтенше жағдайларды болдырмау бойынша барлық шараларды қабылдауда.
Шымкент қаласы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы