Басты Қазақстан Тоқаев: Бейбітшілік — басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқы жоқ
Қордайдағы оқиғадан зардап шеккендерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Қазақстан Президенті Twitter парақшасында осылай деп жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініштер келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім — елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету», — деп мәлім етті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, м емлекеттік орган қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады.
«Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!», — деп жазады Мемлекет басшысы.