Қазіргі бизнес-коммуникацияның берері көп

1196
Елімізде соңғы жылдары білім беру саласын қаржыландыруға бөлінетін қаражат көлемі ұлғайып келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев білім мен ғылымға жұмсалатын шығын көлемі ІЖӨ-нің 5%-на жеткізу жоспарын жасауды Үкіметке тапсырды. Бұл алдағы уақытта білім мен ғылым саласында оң өзгерістердің орын алатынын көрсетеді.
Бәрімізге белгілі, ортақ мақсатымыз әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жетудің бірден бір жолы санамызды жаңғырту болып табылады. Әсіресе гуманитарлық бағыттары бойынша әлем тілдерінен ең таңдаулы 100 оқулықты қазақ тіліне аудару маңыздылығымен ерекшеленеді, ол арқылы жастарға дүниежүздің тәжірибелер негізінде білім алуға мүмкіндік туып отыр. ҚР тұңғыш президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты еңбегінде « … жаңа мамандар сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады»- деп атап өтілді.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің студенттері «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қазақ тілінде жарық көрген мамандыққа байланысты оқулықтар, атап айтқанда Мэнкью Грегори Н., Тейлор Марк П. «Экономикс», Гриффин Р. «Менеджмент», Куратко Д.Ф. «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика», Хилл, Чарльз. «Халықаралық бизнес: жаһандық нарықтағы бәсеке», Котлер Ф.Т. «Маркетинг негіздері», Гэмбл Д. «Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмытылу», Шиллинг М. «Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент», Уилтон Н. «HR-менеджментке кіріспе», Блак Д. «Оксфорд экономика сөздігі», Роббинс С. «Ұйымдық мінез-құлық негіздері» атты оқулықтарымен танысып, оқу процессінде тиімді пайдалануда.
Солардың бірі Л. Бове мен В.Тиллдің «Қазіргі бизнес-коммуникация» он төртінші басылымы 736 беттік оқулығы.
Аталған университеттің «Қаржы» кафедрасының оқытушы профессор құрамы мен 5В050900, 6В04140-«Қаржы» мамандығының студенттері аталған оқулыққа қызығушылық танытып, онымен мұқият танысып, барша студенттерге, бизнес бастаушыларға презентация ретінде таныстырып өтті.
Қандай мамандықта білім алсаңызда, қандай қызметте жүргізсеңізде коммуникация орнату қабілетінің маңызы өте жоғары, сонымен қатар қазіргі таңда нарықтың талабы да осы дағдыларды қажет етеді. Бұл оқулық арқылы бизнес-коммуникацияның негізгі принциптерін, коммуникация дағдыларын дамыту мүмкіндіктерін, жеке және әлеуметтік қарым-қатынастарда бизнес-коммуникацияның ерекшеліктерін, сонымен қатар қазіргі компаниялардың блог, әлеуметтік желі, виртуал әлемі, уики және басқада коммуникациялық технологияларды қалай тиімді пайдалану жолдарын үйрене алады. Сонымен бірге тыңдай білу, командамен жұмыс істеу, жобалар жасау барысында қажетті уеб-сайттарды тиімді қолдану бойынша құнды мәліметтер алуға болады.
Жалпы 7 бөлімнен тұратын құнды оқулықта бизнес-коммуникациядағы соңғы жетістіктер, негізгі терминдері, түйіндеме, жаттығулар, real-time updates, жеке және командалық тапсырмалар, өзін-өзі тексеру сұрақтары, шеберлікті арттыру тапсырмалары мен бизенс-құжаттардың форматы мен макеті, сілтемелер өте ыңғайлы келтірілген.
Уақыт ағынына сай өзгерістерге ілесе алмасақ, студенттеріміз де заман көшінен бірте бірте қалып коюы ықтимал. Осы оқулықтар сөзімізге-сөз, ойымызға ой қосады. Сонымен қатар адами құндылықтарды бағалауға баулиды. Осы бағытта аталған университет басшылығы студенттердің сапалы білім алуына жағдай жасап отыр.
Еліміздің өсіп өркендеуі үшін, жастардың жарқын болашағы үшін жасалынып жатқан толағай құндылықтарымызды студент жастарымыз барынша бойларына сіңіріп, саналарын жаңғыртып, қадір қасиетіне жетіп бағалауын тілейміз.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ,
«Басқару және бизнес» ЖМ-нің
«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы,
магистр Нұрсұлу Кальбаева