Мемлекеттік кірістер комитеті 25.12.2019 жылдан бастап Салық әмиянының функционалды нұсқасы пайдалануға берілгенін хабарлайды. МКК порталының eSalyq мобильді қосымшасындағы Салық әмиянының қызметі App Store и Play Market жарияланған.
Салық әмиянының қызметіне қол жеткізу үшін ұялы азаматтардың деректер базасында тіркелуді қажет ететін ЭЦҚ немесе СМС кодын қолдану арқылы eSalyq қосымшасында тіркелу қажет. Мобильді қосымшада логинді ЖСН/пароль, жылдам кіру коды және биометрия арқылы теңшеуге болады (FaceID, TouchID).
Салық әмиянының механизмі бюджетке төлемдерді автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Салық әмиянын толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігі бар. Қызмет салық төлеушілерге бюджеттегі ағымдағы және алдағы міндеттемелер туралы ақпарат береді. Салық әмиянынан ақша декларацияларды, есептеулерді, уәкілетті органдардан ақпаратты ұсыну кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде қосылады.
Салық әмияндарын толтыру келесі мәліметтерге автоматты түрде жасалады:
Бенефициардың аты: «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті» ММ
Бенефициардың БСН: 141040004756
Бенефициардың банкі атауы: «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ
Банктің БСК: KKMFKZ2A
Бенефициардың шоты ЖСК: KZ24070105KSN0000000
БСК: 107109 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық түсiмдері»
ТБК: 911 «Есептелген (есепке жазылған) және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер»
Салық міндеттемелерінен пайда болған салықтардың есебіне Салық әмиянынан ақша алу туралы хабарлама қызметке автоматты түрде шығады. Барлық жасалған операциялар тарихын «Төлемдер мен салымдар тарихы» қойындысынан тексеруге болады. Салық әмиянынан қайтару қолданыстағы заңнамаға сәйкес egov.kz немесе «Салық төлеушінің кобинеті» web-қосымша арқылы ұсынылған салық төлеушілердің салық өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Салық әмиянын жүзеге асыру үшін келесі жұмыстар атқарылған:
— уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп салық салынатын объектілер туралы мәліметтердің маңызды бөлігі жаңартылды;
— мәліметтер базасын жаңарту нәтижесінде мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы, бірыңғай төлеммен ЖТС-ғы бойынша алдағы төлемдер қызметі іске қосылды (алдағы төлемдер қызметі МКК (kgd.gov.kz) порталының платформаларында жұмыс істейді, оның ішінде 20.09.2019 жылдан мобильді нұсқасында, 16.07.2019 жылдан (eGov.kz) «электрондық Үкімет» порталында, 09.09.2019 жылдан «Kaspi bank» (Кaspi.kz) АҚ, 18.11.2019 жылдан (Homebank) «Қазақстан халық банкі» АҚ);
— «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ-ның жобасымен Салық кодексіне жеке тұлғаның басқа жеке тұлғаға өз еркімен салық төлеуіне қатысты, сонымен қатар электронды байланыс
арналары арқылы жіберілген келісімді алу арқылы салық төлеушінің өтінішінсіз алдағы төлемдерді автоматты түрде есепке алу тұрғысында салық кодексіне өзгертулер дайындады;
— жалпы деректемелерден (БСК 107109, МКО коды 0101, ТБК 911) төлемдерді қабылдау және өңдеу және онлайн режимінде автоматты турде есепке жатқызуды жүргізу үшін Салық әмияндарын төлеудің ішкі логикасын енгізу жүзеге асырылды;
— ОБЖШ АЖ мәліметтер базасы ақпаратты өңдеудің қуаты мен жылдамдығын арттыру үшін Itanium процессор архитектурасынан x86 процессорға ауыстырылды;
— СМС және ЖСН арқылы ЭЦҚ-сіз авторизацияны жеңілдету үшін eSalyk мобильді қосымшасын азаматтардың мобильді базасымен біріктіру жүзеге асырылды;
2020 жылы Салық әмияндары қызметін келесі дамыту жоспарлануда:
1) Халық банкінің төлем карточкасын қосу және төлемді Kaspi.kz аудару арқылы ЭҮТШ-на төлеу – 2020 жылдың наурызы;
2) БЖТ төлеу — 2020 жылдың наурызы;
3) салық салу объектілері туралы мәліметтерді қарау — 2020 жылдың наурызы;
4) салық салу объектілері туралы мәліметтерді түзету – ағымдағы жылдың 4-тоқсаны;
5) Салық әмиянын (e.gov, m.gov) «электрондық Үкімет» порталына, екінші деңгейлі банктердің қызметтеріне қосу (Каспий банкі, Халық банкі, Альфа банкі, Jysan bank, Форте банкі, АТФ банкі) – 2020 жылдың 1 жартыжылдығы.
Салық әмиянының қызметі тек салық төлемдері үшін қарыздарды және алдағы төлемдерді автоматты түрде өтеуге арналғанын ескертеміз. eSalyq қосымшасындағы әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеу «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер туралы ақпарат» қызметінде жүзеге асырылады.
Техникалық мәселелер туындаған жағдайда, «Салық әмиян» хабарлама тақырыбымен culssd@mgd.kz и support_portal@inessoft.kz таратуына хабарласу қажет.
А.Ибадуллаев
Шардара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы.