Сауд Арабиясы мен АҚШ Ресейге неге қысым жасап жатыр

1056
Сауд Арабиясы мұнай өндірісін тәулігіне 13 миллион баррельге арттыратынын хабарлады, ал АҚШ ресейлік компанияларға қысым жасау жолдарын қарастыратынын жариялады
Нәтижесінде көтеріле бастаған мұнай бағасы тағы түсті. Үш елдің арасындағы жағдай туралы колумнист Алексей Мухин баяндайды.
Айта кетейік, ОПЕК келісімін бұзу Сауд Арабиясының Ресейге жасаған ультиматумынан басталды.
Ресей Сауд Арабиясының ұсынысынан бас тартқаннан кейін, Сауд Арабиясы өндіріс көлемін тәулігіне 12,3 миллион баррельге арттыратынын айтты, соның салдарынан нарық құлады.
Ресей коронавирустың әсерінен сұраныста өзгерістердің бар екенін ескеріп, серіктестермен ымыраға келуге дайын болды. Сондай-ақ, бопсалауға көнбейтінін айтты.
Үш жыл бұрын Ресей нарықты тұрақтандыру мақсатында келісімге келді. Белгілі бір уақытта сол келісімнің жағымды тұсы басым болды. Бірақ келісімді әрі қарай жалғастыру Ресей мен Сауд Арабиясының арзан мұнайды нарықтан шығаруына әкелер еді, оның орнын қымбатырақ америкалық мұнай басады. ОПЕК+ мұнай өндірісінің қысқартылуы толығымен америкалық өндірістің өсуі арқылы өтелді. Бір кездері Сауд Арабиясы Ресейдің энергетика министрлігін келісімді ұзартудың қажеттілігіне сендірді. Бұл оларға Saudі Aramco мемлекеттік компаниясының акцияларын қолдау үшін қажет болды. Нәтижесінде, келісім ұзартылды.
ОПЕК+ келісімі қолданыста болған уақытта Американың тақтатас өндірісі қайтадан пайда әкеле бастады. Экспорт инфрақұрылымын құру аяқталды. Батыс агенттіктерінің пікірінше, ОПЕК+ өндірісін шектеу АҚШ-тың тақтатас өндірушілері үшін құтқарушы факторға айналды, себебі құлдыраудан аман қалып, өндіріс қайта өсті. Citigroup сарапшылары 2023 жылға қарай Permian ірі кен орнының өндірісі 60 процентке өседі деген болжам жасады. Бір бассейннің өзі Сауд Арабиясын есепке алмағанда, ОПЕК-тің барлық мүшесі өндіретін мұнайдан көп өнім береді.
АҚШ пен Сауд Арабиясының аталған барлық жетістігі ОПЕК+ келісіміне Ресейдің қосылуымен тікелей байланысты. Неге бұл талап дәл қазір жасалды? Сауд Арабиясының бірден бағытын өзгертуі Вашингтонмен келісімге келуінен емес, тапсырысты орындауы болып саналады. Бұған америкалық шенеуніктердің мәлімдемелері дәлел бола алады.
Сауд Арабиясы Ресейге ультиматум қойған кезде Мәскеудің бұл ұсыныстан бас тартуға батылы жетпейтініне сенімді болды. Тек нарық, экономикалық жақтан ғана емес, сонымен қатар саяси себептерге байланысты бас тартпайды деп санады. Расында да, Ресей мұнай бағасының түсуі мен рубльдің құнсыздануынан тууы мүмкін әлеуметтік-саяси тұрақсыздық қаупін ескеріп ұсыныстан бас тартпайды деген ой болды.
Бопсалаудың мәні неде? Не америкалық тақтатас мұнайын субсидиялауды жалғастыру керек, я болмаса экономикалық және саяси зардабын біле отырып, нарықты құлатамыз. Осы тұста Сауд Арабиясы Америка мүддесін жақтаушы болып отыр, ал Америка ішкі саяси жағдайды пайдаланып, Ресейдің ішкі саясатына араласып отыр деуге болады.
Қазір АҚШ әкімшілігі тақтатас мұнайын өндірушілерді қолдау шараларын талқылап жатыр. Ал Сауд Арабиясы алдағы уақытта елдегі саяси тұрақтылыққа қауіп төндіретін бюджет тапшылығына тап болуы мүмкін. Батыс сарапшылары Сауд Арабиясына қарағанда бұл жағдайда Ресей жеңімпаз болып шығады деп болжап отыр. Алайда Сауд Арабиясы диалогқа оралмайынша, бұл мәселе бірнеше күнде немесе бірнеше айда шешілмейді. Ал Ресей өз кезегінде диалогқа айын.

Дереккөз:sputniknews.kz