Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны тоғыз адамға өсіп, жалпы саны тоқсан жетіге жетті
26 наурызда республикада коронавирус жұқтырған тағы тоғыз адам тіркелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
26 наурыз сағат 12.20-дағы мәлімет бойынша Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққан тағы тоғыз адам тіркелді, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.
Осылайша қазіргі таңда елімізде вирус жұқтырғандар саны 97 адамға жетіп отыр.
Нұр-Сұлтанда – 55, Алматыда – 34, Қарағандыда — 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында — 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстанда — 1 адам.
26 наурыз сағат 08:25-тегі жағдай бойынша республикада коронавирус жұқтырған 88 адам тіркелген болатын.
Бұған дейін елімізде екі адамның коронавирустан сауығып шыққаны хабарланған еді.
16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал 19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылды.