Елбасы Маңғыстау облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

1725
3c2fc578d349eb3e6a29e7022a93c7f1-620x334
Бүгін, 26 қарашада, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Ardak.kz

Кездесу барысында облыс басшысы елбасыға өңірдің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ облыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есеп берді.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов мемлекет басшысына өнімділікті арттыру және өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатымен қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімдеді.

Сондай-ақ, облыс әкімі тұрғын үйлер мен студенттік жатақханалар салу, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі бағдарламаларды іске асыру нәтижелері, сондай-ақ өңірдің туристік әлеуетін дамыту барысы мен коммуналдық қызметтерге қатысты тарифтерді реттеу саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша президент Маңғыстау облысының әкіміне бірқатар нақты тапсырма берді.