Жақында үлкен өмірге қадам басуға дайындалып жүрген Айсәуле Бақытбек болашақ енесін көрсетті. Ол өз отбасында анасымен кез келген тақырыпта еркін сөйлесетінін айтып, болашақ енесінің де керемет жан екенін атап өтті, деп жазады Stan.kz.
“Мен үшін табиғи қалпымнан арылмау әрі жақын адамдарымның мені түсінуі маңызды. Әр сөзімді ойланып барып айту немесе қалжыңдауға қорқу дегенді ұнатпаймын. Мүмкін отбасымызда бір-бірімізбен ашық қарым-қатынаста болып, бір-бірімізге сенгендіктен шығар?! Менің азаматымның да отбасы керемет екенін ойласам, қатты қуанымын. Қарым-қатынасымыз да күшті. Мінеки, екі анамның ортасында тұрмын. Әдемі триомыз, солай емес пе? Енді үш рет түкіріп, енелеріңізбен қарым-қатынастарыңыз туралы айтып беріңіздерші? Бірге тұрасыздар ма, бөлек пе?” – деп жазды Айсәуле.
Желі қолданушылары Айсәуленің болашақ енесіне қатысты түрлі пікірлерін білдірді.
“Қарым-қатынастарыңыз дәл осындай болып қала берсін”, “Аналарыңыз өте әдемі екен”, “Енеңіздің заманауи болғаны күшті”, “Жігітіңіз анасына қатты ұқсайды екен”, – деп пікір білдірді желі қолданушылары.