БКМ ФИСКАЛДЫ ЧЕГІН БЕРМЕГЕН ЖАҒДАЙДА СЫЙАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

920
Мемлекеттік кірістер комитеті БКМ фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау-түбіртекті талап ет» акциясы 2020жылғы 12 мамырдан бастап қайта іске қосылғаны туралы хабарлайды.
«Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына кез-келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.
App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Фискальды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады.
Осы бойынша толық мәліметтерді кірістер басқармасының 2-15-49 сымтетік арқылы жауапты мамандардан толық мәлімет алуға болатындығын хабарлайды. Шардара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы барлық аудан тұрғындарын өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге және «Қоғамдық бақылау-түбіртекті талап ет» акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.
Шардара ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасының бас
маманы Бихожаева С.Ж.