Бірнеше көлік, үй, курорттар: Атамбаевтың тәркіленген мүліктері жарияланды

90
Қырғызстан Бас прокуратурасы қамаудағы елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың тәркіленген дүние-мүлкінің толық тізімін жария етті деп хабарлайды АКИpress-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

View this post on Instagram

26/04/2017 В селе Бактуу-Долоноту Иссык-Кульского района встретился с активом и общественностью Иссык-Кульской области. В ходе встречи, традиционно прошедшей в формате «вопрос – ответ», отметил, что большинство вопросов, которые были поставлены иссык-кульцами во время прошлой встречи осенью 2015 года, удалось решить, остальные, в частности касающиеся строительства школ и других социальных объектов решаются. Вопрос нехватки школ будет решен кардинальным образом, чтобы в стране не осталось ни одной аварийной школы.

A post shared by Алмазбек Атамбаев (@almazbek_atambaev_official) on

Аталған тізімге экс-президенттің мүлкі, бағалы қағаздары, акциялары, есеп айырысу шоттары кірді.
Атап айтқанда, тәркіленген мүліктерге Алмазбек Атамбаев пен оның жұбайы Раисаға тиесілі 25 банктегі есеп айырысу шоттары, банк ұяшықтарында сақталған заттары, сондай-ақ «Қырғызавтомаш» ААҚ, «Апрель-ТВ» ЖШС, «Канал D» телерадиокомпания редакциясы» ЖШС және басқалары кірді.
Сонымен қатар, экс-президенттің авкөліктері: 2000 жылғы «Тойота Ленд Крузер», 1997 жылғы «Мицубиси Паджеро», 1998 жылғы «Тойота Ленд Крузер», 1993 жылғы МАН, 2001 жылғы БМВ-Х53 тәркіленген.
Сондай-ақ аталған тізімге Қой-Таш, Арашан және Ыстықкөлде орналасқан жер учаскелері, жайылым жерлер, көпжылдық көшеттер, тұрғын үй және сауықтыру орталықтары кірді.
Бұдан бөлек, Алмазбек Атамбаевтың жұбайының атына жазылған мүліктер: 2004 жылғы «Тойота Ленд Крузер», 1994 жылғы «Мерседес-Бенц S600», 1999 жылғы ГАЗ 3110, сондай-ақ Бішкекте орналасқан пәтер мен тұрғын үй де тәркіленген.
«Қырғызавтомаш» кәсіпорнына тиесілі жер учаскелері, сауда орталығы, цехтер, қоймалар, пәтерлер, дүкен, көп пәтерлі үй және тағы басқа мүліктер тізімге алынған.
Сонымен қатар, «Медиа Форумдағы» жер учаскелері мен тұруға арналмаған үй-жай, «Форум» ғылыми-өндірістік фирмасындағы жер учаскесі мен екі аяқталмаған нысан, «Апрель-ТВ» ЖШС-дағы телевизиялық студия, радио, телеорталық және т.б. тәркіленді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз