Аяз салған өрнектер

2915
Әр мезгілдің өзінің ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баяндап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.

Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. «Аяз салған өрнектер» жобасының дәстүрге айналып жалғасуы да осы сұлулықтың әсері. Бейнелеу өнері музейінде Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Түркістан облысындағы аймақтық өкілдігі Балалар көркемсурет мектебі «Аяз салған өрнектер» атты балалар шығармашылық сурет байқауын өткізді.
Кіршіксіз аппақ қарды, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязды, бейнелеген дарынды балаларымыздың 300 ден астам жұмыстары көрмеге ілінді. Бұл сұлу көріністерімен көз тартарлық жұмыстардың авторлары 8 бен 17 жас аралығындағы болашақ жас суретшілер. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Өнер қайраткері,тыл ардагері суретші ұстаз Ибрагимов Нұрсейіт Әлімбайұлы, Бейнелеу өнері музейінің директоры, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерген суретші Оспанов Айнабек Мінжасарұлының қырағы көзінен өтіп, 35 бала жеңімпаз атанды. Жеңімпаз жас суретшілерімізге Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Вице – Президенті Серкан Аязбаевтің атынан дипломдар мен сертификаттар беріліп сыйлықтар тарту етілді.

Іс-шара барысында Балалар көркемсурет мектебінің «Алтын жүрек» белсенділер тобының тілшілері, қонақтармен көрмеден алған әсерлері туралы сұхбаттасып, ой бөлісті. Көрмені тамашалауға келғен ата-аналар мен балалар бейне бір қарлы ханымның мұздан салынған сарайында тұрғандай сезімге бөленіп, мектебімізге қарасты аула клубтарының балалары дайындаған ән-биін, қызықты тосын сыйлар мен шеберлік сыныптарды тамашалап көңілдерін көтерді.
Қайталанбас қызықты керемет сәттерге толы болған, қыстың ғажайып ұмытылмас соңғы шақтарын еске салған мерекелік іс шараға қатысқан балаларымызға сәттілік тілейміз.
Гульнара Кулиева,
Шымкент қаласы.