Дубайда «әлемдегі ең үздік ұстазға» 1 миллион доллар табысталды

1357
Дубайда «әлемдегі ең үздік ұстаз» номинациясын жеңіп алған Кениялық ұстаз монах-франциск Питер Табичиге 1 миллион доллар табысталды деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі ♦Dubai Media Office сайтына сілтеме жасап.
Дубайдың тақ мұрагері, БАӘ вице-президенті және премьер-министрі шейх Хамдан бен Мохаммед бен Рашид Аль Мактум «Әлемнің ең үздік ұстазы» атағын жеңіп алған Кениялық математика және физика пәні мұғалімі  Питер Табичиді марапаттады.
үздік ұстаз
Атлантидада, Пальмада өткен салтанатты кеште Табичи  1 миллион доллар көлемінде сыйақыға ие болды.
«Әлемдегі ең үздік ұстаз» (Global Teacher Prize gala) марапаты — бұл БАӘ жылда өткізілетін іс-шара.  Бұл марапат, яғни 1 миллион доллар жолында кездескен қиындықтарға қарамастан, аянбай тер төгіп, өз саласында атқарған ерен еңбегі үшін ең үздік деп танылған ұстазға табысталады.
үздік мұғалім
Аталмыш сыйақының былтырғы иегері Ұлыбританияның өнер және еңбек пәнінің мұғалімі Андрией  Зафиракоуға табысталған болатын. Ол Ұлыбританияның кедей отбасы студенттеріне қолынан келгенше аянбай көмек көрсеткен еңбегі үшін осындай марапатқа ие болған.
Биылғы байқауға әлемнің 179 елінен 10 000 үміткерден өтініш келіп түскен. Үміткерлер қатарында Үндістан, Австралия,АҚШ, Нидерланды, Кения, Бразилия, Жапония, Аргентина, Ұлыбритания, Грузия  ұстаздары болған.
үздік ұстаз
Айта кетске, Үндістандық кәсіпкер Санни Варкеяның қайырымдылық қоры 2015 жылдан бастап «әлемдегі ең  үздік ұстаз» премиясын беріп келеді.
Биылғы жүлдегер 36 жастағы Питер Табичи Кенияда ауылдардың біріндегі орта мектепте жаратылыстану ғылымдарының мұғалімі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мектепте тек бір компьютер бар екен, ал бір мұғалімге 58 оқушыдан келеді. Сонымен қатар, Табичи өз жалақысының көп бөлігін кедейлерге беріп, көмек көрсетумен айналысқан екен.
үздік мұғалім
Ұсынған: Мақпал Сембай
Фото:Ⓒmediaoffice.ae